Accessibility links

Еуропа Одағына мүше 25 мемлекетте Еуропарламентке депутат сайлауы басталды.


Еуропа Одағына мүше 25 мемлекетте Еуропарламентке депутат сайлауы басталды. Ұлы Британия мен Голландияда кеше дауыс берілсе, Чехия мен Ирландияда бүгін, ал қалған басқа елдерде сайлау демалыс күндері өтпек. 732 депутаттық орны бар Еуропарламент Францияның Страсбург қаласында орналасқан. Чехияда ЕуроОдақтың арнаулы өкілі Гюнтер Верхойген халықты белсенді дауыс беруге шақырды. “Еуропалық сайлауға қатыса отырып, сіздердің әрқайсыңыз тұңғыш рет еуропалық мекемелер мен Еуропа саясатын қалыптастыруға өз үлестеріңізді қосатын мүмкіндік алдыңыздар. Азаматтардың белсенді қатысуынсыз демократиялық мемлекеттердің Еуропалық одағы екпінді жұмыс істей алмайды” – деп атап көрсетті Гюнтер Верхойген.
XS
SM
MD
LG