Accessibility links

Халықаралық Атом қуаты агенттігі бейсенбі күні БҰҰның Ирандағы ядролық бағдарламасы жөніндегі қарар жобасымен келісетіндігін білдірді.


Ол қаулыда Иранның БҰҰ агенттігімен өзара ынтымақтастық байланысына байланысты сын айтылған. Сонымен, Британия, Франция және Германия ұсынған ол жоба формалды түрде қабылданып, жұма күні Халықаралық Атом қуаты агенттігіне бекітуге беріледі. Ол жобада агенттіктің Иран ядролық бағдарламасын зерттеуді қолға алуы және Иранның өзіне тиісті көмек беруі жазылған.

АҚШ құпия жағдайда ядролық қаруларды дамытып келеді деп Иранға айып тағады. Ал Иран болса, ол бағдарлама электр қуатын өндіру үшін қажет, сондықтан біз ол жобамен келіспейміз,- дейді.
XS
SM
MD
LG