Нұрсұлтан Назарбаев біріккен ұлттар ұйымы мандаты бойынша жүзеге асырылатын ұжымдық бітімгершілік қызмет тетігін құру жөнінде шешім қабылданғанын айтты. Қазақстан парламенті мәжілісінің қорғаныс комитетінің төрағасы Шәріп Омаровтың пікірінше, бітімгершілік тетіктерді міндетті түрде жетілдіру керек.
-Осы лаңкестікке қарсы оратлықтарды құрып, не істеп жатырмыз. Егер, сол орталықтарда біздің «қазбат” сияқты бітімгершілік батальондары болмаса ондайдың керегі не? Жоқ, қағаз жүзінде талдау жасаймыз дейді. Мен айтам ондай жұмысты онсызда жасауға болады.
Бұған дейін, Қазақстанның әуе қорғаныстары Ұлы Британия техникасының көмегімен күшейтіледі деген ақпарат таратылып, кейін теріске шығарылағн болатын. Ресейдің www.ntv.ru сайтымен қатар бірнеше интернет парақшада: “Ресей осыған қарсы шара қолдану үшін қосымша шығынға батуға мәжбүр болады делінген. Қазақстанның әуе қорғанысы күштерін жаңартуға жеңілдіктер берілгеніне қарамастан, Қазақстан техниканы батыс елдерден сатып алып жатыр”,-дейді Ресейдің кейбір бұқаралық ақпарат құралдары. Кремль өкілдерінің пікірінше, Қазақстанның батыс әскери технологияларына ықылас білдіріуі, республиканың тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберіндегі әуе қорғанысы жүйесі туралы 1995 жылғы келісіміне қайшы келеді. Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанның әуе қорғаныстары Ұлы Британия техникасының көмегімен күшейтіледі деген әңгіме бекер көтеріліп жүрген жоқ.
- Қазақстанның әуе қорғаныстары Ұлы Британия техникасының көмегімен 1 млрд. долларға күшейтіледі деген әңгіме жүргізіп жатыр. Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды. Мүмкін Ресей басшыларының құлақтарын үйретіп жатқан шығар.
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Қорғаныс комитетінің төрағасы Шәріп Омаровтың пікірінше, Ресейліктер бұл мәліметті әдейі таратып отыр. «Олар бізді Ресейдің ғана қару-жарағымен өзіміздің қорғаныс шеңберімізде жұмыс істесін деп отыр. Біз оған келісе алмаймыз. Кімнің қаруы жақсы соны сатып аламыз. Онда тұрған ештеңе жоқ. ол дербес егемендік елдердің саясаты”,- дейді депутат. Жалпы, Қазақстан парламентінің қорғаныс және халықаралық істер комитетінің төрағасы Шәріп Омаровтың айтуына қарағанда, Қазақстан сияқты алып мемлекеттің территориясын бір елдің күшімен қорғау мүмкін емес.
-Қазақстан жібек жолынан жылына 1 млрд. табыс алады. Неге десең, олар біздің территориядан өткені үшін ақша төлейді ғой. Оны қорғау керек біреу, біздің жалғыз Қазақстанның оған күші жетпейді. Біздің 15 млн. адамды қойсаңда, оған санымыз жетпейді.
Астанада өткен жиында ұйымға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары үшін жеңілдетілген негізде әскери кадрлар дайындау жайы сөз болған. Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан үшін, кадрлар дайындау мәселесін ескеріп, қаруды Батыс елдерінен алған ыңғайлы.
-Ресейдің қаруы арзан болса да, ол соңғы ағымдағы қару емес. Өйткені, ең жаңа қаруды Ресей қазір бізге бермейтін болды. Оның үстіне, қарудың бір бөлігі біздің полигондарымызбен Байқоңырды пайдаланғаны үшін келеді ол жемқорлыққа әкеп соғады.
Ал ,отставкадағы генерал патриоттар партиясы төрағасының орынбасары Айтқали Есенқұловтың пікірінше, Қазақстанға қаруды керісінше, Ресейден алған тиімді.
-Біздің қару-жарақтың бәрі Кеңес Одағы кезіндегі қару. Біздің электроника саласындағы мамандар да сол қаруға үйренген. Американың қаруын алсақ, оны кім қолданады, бізде маман жоқ. Ол Кеңес Одағындағы үлгіден басқа қару.
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесін қорытындылай келе, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Мәжіліс барысында ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының 2004-2005 жылдардағы басымдықты бағыттары туралы нұсқаулық құжаты бекітілді.