Accessibility links

АҚШ әскерилері Фаллужа қаласында қарулы жасақтар паналады деп күдіктелген үйге шабуылды кеше бастағандықтарын айтқан.


Американдық шенеуніктер бұл үйдің әл-Қаиданың белсенділерінің бірі Абу Мусаб әл-Зарқауимен байланысы болған дейді. Аурухана қызметкерінің айтуынша, шабуыл кезінде төрт адам өліп, алты адам жараланған. Коалиция күштері басшыларының бірі, генерал Марк Киммит Зарқауимен байланысы бар деп табылған элементтердің бәрі де қайда болмасын, қашан болмасын әрдайым шабуылға душар болады деген. Өткен жылы Ираққа АҚШ бастаған коалиция күштері соғыс ашқаннан бері барлығы американдық 623 солдат қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG