Accessibility links

Ресей президенті Вл. Путин 57 адамды опат қылған шабуылдардан кейін бір сағат өтісімен Ресейдің оңтүстіктегі Ингушетия республикасына барған.


Путин Ингушетия президенті Мұрат Зязиковпен кездесіп, жағдайды талқылаған. Прзидент Путин İшкі істер министрлігінің әскери полкі Ингушетияда тұрақты орналасатын болсын деп бұйрық бергендігін айтқан. -Федералдық орталық Ингуш республикасын қорғау ісін жеткілікті атқарып отырмағандығын көруге болады. Сондықтан мен Маскеуге тиісті тапсырма бердім. Қайталап айтамын ішкі әскери полк Назраниде болады жане Қорғаныс министрлігімен бірге қауіпсіздік жағдайын күшейтудің қажетті шараларын жасайды,-деген Путин. Үкімет қаза тапқандардың отбасыларына барынша көмек берсін деген де бұйрық берілген Путин тарапынан.
XS
SM
MD
LG