АҚШ департменті жария еткен баяндама бойынша 2003 жылы 208 террористік шабуыл болған. 625 кісі опат болған. Бұ жәйлі АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауел былай деді:
"Баяндама мақсаты біздің күресімізді тәуір не нашар етіп көрсету емес, немесе терроризм тәуір не нашар деу емес, мақсатымыз америка халқына деректер беру" деді Пауел. Бұдан бұрын өткен жылғы баяндама бойынша мәлімдеме жасаған АҚШ сыртқы істер министрінің орынбасары Ричард Армитраждың сөзінде қателіктер кетті дейді Пауел. Армитраж президент Буш террорға қарсы науқанда табысқа жете бастады" деген. Пауел ол мәлімдеген түзету енгізді.
"Террорға қарсы соғыс әлі жүріп жатыр. Армитрадж жеңіс туралы айтты деп ойламаймын. Террор әлі жеңілген жоқ. Шайқас жүріп жатыр".
АҚШ мемлекеттік департменті жария еткен әлемдік терроризмнің жағдайы туралы баяндаманың алғашқы нұсқасында қате кетті делінеді. Мысалы баяндаманың алғашқы нұсқасында өткен жылы 190 террористік шабуыл болды делінсе , екінші нұсқасында 208 делініп жөнделген. Армитраждың қателігі содан туындаған.
Джордж Буштың алдағы сайлаудағы негізгі бақталасы демократтар партиясының өкілі Джон Керри мәселе терроризмге қарсы соғысқа тірелгенде Буш әкімшілігі өстіп шындықпен ойнай бастайды деп мәлімдеді. Әлем бойынша терроризм жағдайы туралы баяндаманың алғашқы нұсқасы шыға салысымен демократ конгрессман Генри Ваксман оған қарсы дау айтқан еді. Содан кейн баяндаманың екінші нұсқасы пайда болды. Оны оқыған Генри Ваксман әкімшілік өтірікке негізделген баяндама арқылы өзіне бедел жинауға талпынып еді одан түк шықпады деді. Конгресстің талдау бөлімінің терроризм бойынша талдаушысы Рафаел Перлдің айтуынша да бұл оқиға онсыз да беделге бай емес Буш әкімшілігінің беделін одан бетер түсірген.