Accessibility links

Ирақтың саяси билігі уақытша үкімет қолына жоспарланған уақыттан екі күн бұрын берілуіне талдаушылар пікірлері қандай?


АҚШ Ирақ егемендігінің тізгінін белгіленген - 30 маусымнан екі күн бұрын, Ирақтың уақытша үкімет басшысы Ияд Аллауидің қолына бергендігі жөнінде Азаттық радиосының дүйсенбі күнгі хабарларында айтылған болатын. Осылайша Ирақтың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілмей тұрса да және жаңа уақытша үкімет заң, нұсқаулармен қаруланып үлгермесе де, Ирақтағы АҚШ-ң азаматтық әкімшілік басшысы Пол Бремер билікті Ирақ үкіметіне тапсырды.

Американдық азаматтық әкімшілік басшысы Паул Бремер өзінің 414 күндік Ирақтағы американдық басшылық тізгінін ұстаған кезеңін аяқтап, елден тез арада шығып кетті.

Ирақтағы соғыс басталғанға дейін АҚШ президенті Буштың әкімшілігі Саддамды тақтан құлатқан әскерлер ретінде коалиция күштерін Ирақ тұрғындары құшақ жайып қарсы алады деп күткендіктерін айтқан.

Алайда оның орнына Ирақтың көптеген адамдары тарапынан екіжақты көзқарас, қимыл-әрекеттер байқалды. Олар Саддамнан құтылғандарына қуана тұрып, Ирақты Американың басып алғанына өзіндік наразылықтарын білдірді. Бұндай пиғыл кең етек алған ұрлық-қарлық пен бомбалық шабуылдардан, қарулы қақтығыстардан анық аңғарылды жане өткен жылы мұндай қарсылықтарды біреулер ұйымдастырып, үйлестіріп отыр деп ойлауға болушы еді. Талдаушылар Марина Оттей мен Кеннет Аллардтың пікірлеріне сүйенер болсақ, бұл қалыптасқан жағдай нацистердің күйреуінен кейін Германияда қалыптасқан ахуалдан өзгешеленеді.

Марина Оттей - Вашингтондағы саясат орталығының Демократия және заңдылық бағдарламасы ережелерінің сарапшысы, ал Кеннет Аллард - АҚШ әскерінің отставкадағы полковнигі, ол қазір Джоржтаун университетінде әскер тарихынан сабақ береді. Сарапшылардың екеуі де Азаттық радиосына берген сұхбаттарында Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда одақтастардың қанды шайқастар жүргізуіне тура келген жоқ, өйткені немістер ол кезде оккупанттарға қарсы қазіргі Ирақ тұрғындары сияқты қолдарына қару алып күрес жүргізбеген дейді.

Талдаушы Аллард Ирақта өзара ерекшеленетін және бір-бірімен достық пиғылдағы емес үш түрлі мәдениет бар дей келе, олар- солтүстіктегі күрдтер, орталықтағы- шиит мұсылмандары, оңтүстіктегі- сүннит мұсылмандары деп атап көрсетеді. Олар өз мәселелері мен хұқтарын үкімет арқылы шешуге емес, жеке-жеке тайпа болып күресуге үйренген дейді сарапшы. Аллард сондай-ақ Ирақта шетелдік жасақтардың да қақтығыстарға қатысқанына қарамастан, мұндағы коалиция күштеріне қарсы шабуылдардың орталығы Ирақтың өз ішінде, Ирақтың өз адамдарымен жасалып отырды деген ой айтады.

-Оларда әрқашанда Ирақты басқару ісінде классикалық проблемалар болып келді. Және оны әрдайым да классикалық ең мықты деген күштермен шешіп отырды. Міне осындай дәстүр мен мұра қалған болса, мұнда бір мақсатты орындаймын деп жай ғана тәсілмен кіргендер үшін ол құптарлық емес. Біз нақты осыны жасауға тырыстық,-деген сарапшы Аллард, Буш әкімшілігі Ирақты диктатордан құтақрамыз, демократия құндылықтарын орнатамыз деген жақсы ойда болғанымен, жоғарыда айтылғандай жайларға тиісті назар аудармаған болу керек деген ой-пікірді де қосып айтады. -Менің ойымша, бұл заңды мақсат болуы мүмкін, бұл АҚШ үшін көп нәрсені білдіреді және сол саясатты жасап жатқандар үшін де көп жайды аңғартады. Бұл олардың қиындықтың қандай екендігін түсінтетіндігінен хабар береді,-деген Аллард.

АҚШ мұндай проблемаларды Бремер әкімшілігі арқылы әрине азайтуға тырысты. Бірақ олардың кейбірі уақытша үкімет пен одан кейін сайланып келетін үкіметтің еншісіне қалып отыр. Оның бірі Ирақтың ескі заңдық кодексін жаңарту.

Ирақтың жаңа Конститутициясына сәйкес, ережелердің көпшілігі үкімет кабиентінің басым көпшілігінің жане президент пен екі вице-президенттердің мақұлдауынсыз кері шегерілмейді, яғни күшін жоймайды. Екінші талдаушы Оттей болса, Бремер Ирақтан кеткеннен кейін де оның ықпалы Ирақта қатты білінеді, байқалады деп алаңдамайтындығын айтады. Оның айтуынша, көптеген елдерде Батыспен салыстырғанда Конситутцияны өзгерту өте жеңіл болады. Сондықтан да Бремерден қалған ереже заңдардың бірі болмаса, бірін жоққа шығару үшін қажетті дауыс, демек кворум жинау соншалықты қиындық тудырмайды дегенді айтады ол: -Мен үкіметтік кабинеттің көпшілігін, преиздентті және вице-президенттерді бір мәмлеге келтіру қиын болады деп ойламаймын. Екіншіден, егер Аллауи шығып, "Біздің ойымызша, еліміздің жақсы мүддесі үшін мындандай да, мынандай партия сайлауға ұмтылады" деп айтар болса, не болатындығына менің анық көзім жетпейді.

Және мен Ирақ үкіметінің шынайы билігін төмендетіп, жоққа шығаруға тырыспай-ақ, АҚШ-ң көп нәрселер жасай алатын мүмкіндігі болады деп ойламаймын,-дейді талдаушы Оттей. Олай болғанда,- дейді Оттей,- Ирақ үкіметі өзінің бастауынан ақ ыңғайсыз жағдайға қалуы ықтимал. Оның шынайы билігінің болуы үкіметті құрушы АҚШ-пен байланысты деген Оттей сөз соңында былай деп атап көрсетеді:

-Шынайылық, мүмкіндік дегенде маған АҚШ-ң Араб әлеміндегі ықпал-күші нөл екендігі туралы айтуға рұхсат етіңіздер,-деген талдаушы.
XS
SM
MD
LG