Accessibility links

Қазақстанда адам саудасына қарсы күресте өткен жылы 8 қылмыстық іс қозғалып, оның біреуі ғана сот қарауын жеткен


Биылғы жылдың жартысында мұндай 6 қылмыстық іс қозғалған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мұндай санаттағы істердің тергелуінде айтарлықтай қиындықтардың барын айтады. Себебі адам саудасының құрбаны болғандар оны жария еткілері жоқ көрінеді.

Шілденің 1-і күні Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасы Үкімет жанындағы Адамдарды заңсыз әктеуге, әкелуге және сатуға қарыс күрес жөніндегі мекемеаралық комиссияның кезекті отырысына қатысқандар осылай деседі.

Сарапшылардың айтуынша, адам саудасы әлемде қару мен есірткі саудасынан кейін үшінші орынды алады.

Қазақстанның әділет министрі Оңалсын Жұмабеков адам саудасымен айналысушылардың заңсыз табысы дүние жүзінде 9 миллиард долларға жететінін айтады. Министр, өткен жылы қылмыстық заңдарға енгізілген өзгерістер адам саудасына қарсы күресті күшейтуге мүмкіндік берді, дейді. Сондай-ақ ол Қазақстанға сырттан заңсыз әкелініп жатқан еңбек күштерінің барын да жоққа шығармайды.

Бас прокурордың бірінші орынбасары Іляс Бақтыбаев Қазақстан адам саудасымен күресті біршама жақсартты деген пікірде. Сондай-ақ ол арнайы органдардың адам саудасымен күресте тәжірибелері жеткіліксіз.Өйткені, бұрын мұндай іспен айналысқан жоқпыз, дейді.

Қазақстан Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның өкілі Арғынғазы Қарайғановтың айтуынша, республика көлемінде 38 дағдарыс орталығы бар. Дағдарыс орталықтарын 2010 жылға дейін аудандық жерлерде де ашу көзделіпті.

Қарайғанов парламент қарауындағы «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заң жобасының қабылдануы, дағдарыс орталықтарын қаржыландыру мәселесін шешеді деп есептейді.

Әділет министрлігінің өкілі Эльвира Әзімованың айтуынша, үкіметің аталған мәселеге арналған іс-жоспарында адам саудасының құрбаны болғандарға көмек көрсетуге арналған арнайы дағдарыс орталықтарын ашу мәселесі қаралыпты. Алайда, мемлекеттік органдардың бұл мәселеге байланысты ұстанымдары әлі айқын емес көрінеді.

Қазақстандағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның жетекшісі Майкл Чанцтың айтуынша, бұл халықаралық ұйым республиканың үш облысындағы дағдарыс орталығын қаржыландырады. Дағдарыс орталығы аталған санаттағы адамдардың проблемасын уақытша ғана шешеді. Мен ондай оратлықтар көптеп қажет деп ойламаймын. Үкіметтік емес ұйымдармен ондай адамдардың емделуі, жұмысқа орналасуы мәселелеріне маңыз берген дұрыс секілді, дейді. Алматылық 19 жасар Әсел Алдабергенова анасының танысы айтқан уәдеге сеніп Мәскеу асып нәпақы табуды көксеген жастың бірі. Отбасымен қауышқан Әсел ол күндерді еске алғысы жоқ. Ол Мәскеуге барғаннан кейін құл болып жұмыс істегенін айтады.

Адам саудасының құрбаны болған ер адамдар да бар болып отыр. Бас прокурордың орынбасары Ілияс Бақтыбаев қазақстандық ер азаматтарды шетелге апарып қара жұмысқа салу оқиғалары кездеседі, қаза болғандар да жоқ емес, дейді.

Ал, жұртшылық өкілдері болса елде жұмыс болса шетелден жұмыс іздеп не бар еді деседі.

Үкімет жанындағы Адам саудасына қарсы күрес жөнідегі мекемеаралық комиссия қылмыстық заңдарға өзгеріс енгізуі туралы жұмысшы тобын құрды. Топ үш айдың ішінде ұсыныстар дайындайтын болады.
XS
SM
MD
LG