НАСА ресми өкілдерінің айтуынша, Сатурнға бағыт алған халықаралық Кассини-Хайгенс атты ғарыштық кеме планета орбитасына табысты түрде жеткен.

Бұл кеме алты жылдан аса уақыттан бері сапарда жүр. Бірнеше мыңдаған миллион километр жолды жүріп өтіп, енді міне ол өзінің ғылыми-зерттеу міндетіне кіріспекші.