Ол айыптаулар тұтқынның 20 жылдан аса билік басында болған кезінде атқарған қылмыстарына байланысты жасалған. Куәлардың айтуынша, сот барысында оқылған жеті бірдей айыптау бабынан тұратын қағазға қол қоюдан Саддам Хусейн бас тартқан. Ол сондай-ақ, болып жатқан бұл үдерісті театр” дей келіп, “нағыз қылмыскер АҚШ елбасы Джордж Буш” деген екен. Саддам Хусейн сонымен бірге Кувейтке басып кірген әрекетін “ол Ирақ жері болатын” деп қорғауға тырысқан. “Ол біраз арықтаған, шаршаған және жеңілгендей көрінген. Сондай-ақ істі жүргізуші судья одан атын айтуды сұрағанда, ол екі рет: “Мен-Саддам Хусейн, Ирақтың елбасымын”-, деп жауап берді”-, дейді СНН телеарнасының тілшісі Кристиан Аманпур. Бұдан бұрынғы хабарларымызда Саддам Хусейн және оның бұрынғы 11 әріптесінің Ирақтың заңдық түрмелеріне ауыстырылғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз. Алғашқы сот үдерісі бірнеше айлардан кейін басталмақшы. Ирақ Сыртқы істер министрі орынбасары Хамид әл-Байати мырза бұл жөнінде: “Менің ойымша, ирақтықтар оған өлім жазасының берілуіне риза болатын сияқты”-, деді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?