Accessibility links

Баспасөзге шолу. 07 - 02 - 2004


Электронды дауыс беру жүйесін енгізу туралы пікірталас республикалық басылым беттерінде әлі жалғасын табуда. Мәселен, газеттердің бірі Орталық сайлау комиссиясының басшысы жаңа жүйемен дауыс беру жобамен Алматы, Астана қалалары мен барлық облыс және аудан орталықтарында жүргізілетіндігін айтқанын хабарласа, бірқатар басылымдар қоғамда жаңа жүйеге байланысты сын пікірдің қалыптасқандығынан хабардар етеді.

“Егер электрондық жүйе бойынша дауыс беретін болсақ, айталық, тіпті Астана мен Алматы, облыс, аудан орталықтарында осы уақытқа дейін жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарымыз, құрылған комиссияларымыз бен бақылаушыларымыздың түкке керегі болмай қалады”, - дейді Қазақстан коммунистер партиясының хатшысы Төлен Тоқтасынов “Начнем с понедельника” газетінде.

Оның айтуынша, электронды жүйені енгізуді Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Бәлиева емес, “мұндай бұйрық беріп отырған Елбасының өзі”. “Егер мұндай шешім қабылданса, өзгелерге сайлауға қатысудың қажеті жоқ”, - деп есептейді оппозициялық партия басшыларының бірі.

Ал электронды дауыс беру жүйесі үшін азаматтарға міндетті түрде штрих-кодтар алуының талап етілуі қатардағы азаматтардың наразылығын тудырып отырғанындығы айтылады “Начнем с понедельника” газетіндегі “Үй хайуаны сияқты мені нөмірлегенге қарсымын” деген мақалада. Онда редакцияға келген оқырман: “Неліктен штрих-кодсыз мен сайлауға қатыса алмаймын? Дауыс беруге бармасам, мені неліктен жұмыстан шығаруы тиіс?” - деген сауалдарды алға тартқаны сөз болады. Парламент Сенатының депутаты Зәуреш Батталова кейбір аудандарда штрих-кодтар үшін ақша алудың ілге тиек етеді. Оның пікірінше, “Орталық сайлауком электронды дауыс беру жүретін аймақтарды белгілеп алып, содан кейін ғана ол жерлерге кодтарды тегін таратуы тиіс еді”.



Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Бәлиеваның электронды дауыс беру шамамен Алматы, Астана қалалары мен барлық аудан орталықтарында өткізілуі мүмкін дегенді айтқанын хабарлайды “Экспресс К” газеті. Газет мәліметтеріне қарағанда, штрих-кодтар алмаған азаматтар электронды дауыс беруге қатыса алмайды. Алайда, “Литер” газетінде Орталық Сайлаукомның Алматыдағы тұрақты өкілі Маргарита Кухаревская: “Төлқұжатына штрих-коды жапсырылмаған адам да сайлау учаскесіне келсе, дауыс бере алады”, - дейді. Тек “төлқұжатта кодтың болмауы сайлаушы туралы мәліметтерді қолдан толтыруға тура келеді. Ал бұл ұзақ уақытты алады екен”. Газет штрих-код алудан жариялы түре бас тартушылардың табылып отырғанындығына тоқталады. Мәселен, Гендерлік зерттеулер орталығының директоры Светлана Шакирова штрих-кодтан бас тарту арқылы өзінің электронды дауыс беруге көзқарасын көрсеткен. Оның сөзіне қарағанда, төлқұжаттарға штрих-кодтар жапсыру туралы премьер-министрдің қаулысына құлақ аспағандар ешқандай жаза тартпайды.

“Ассанди таймс” газетінде сенатор Уәлихан Қайсаров өзінің мамандығы бойынша инженер екендігін айта отырып, штрих-кодтар құпиялық үшін емес, керісінше сайлаушы туралы мәлімет алу қажет деген пікір білдіреді. “Кабинаға кірмес бұрын сайлаушыдан штрих-код алынады. Содан кейін монитордың тетігі басылады. Сонда компьютердегі сандық бағдарламалы құрылымда нақты адамға тиесілі белгілі-бір штрих-кодтың қалай дауыс бергені мәлім болады”, - дейді парламент депутаты. “Халықаралық сарапшыларды тарту арқылы тығырықтан шығуға болатын шығар”, - дейді халықаралық соғыс пен бейбітшілік институтының қазақстандағы жетекшісі Эдурад Полетаев.осы газетте. “Алайда, бұл жоспарда жоқ. Тексеру тәуелсіздігі мен объективтілігі күмән туғызатын жергілікті сарапшыларға жүктеліп отыр”, - дейді халықарылық ұйым өкілі. Ол электронды жүйенің күмән туғызатындығына Эстония мен АҚШ тәжірибесіне қарап көз жеткізуге болады деген пікірде. “Экспресс К” газеті алдағы сайлаудың тек сайлау комиссия өкілдері сиқты жергілікті сарапшылардың ғана емес, қылмысқа қарсы күрес орындарының да жіті назарында болатындығын айтады. Мәселен, Ішікі істер министрінің бірінші орынбасары Иван Оттоның айтуынша, қыркүйектің 17-сі мен 20-сы аралығында полицейлер айрықша тәртіпке көшіріліп, сайлауға дейін және кейін бюллетеньдерді учаскеге алып жүру қызметі соларға жүктелген. Ал Бас прокурор Рашид Түсіпбеков өз мекемесінің жәй азаматтардың ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдарының да қызметін қадағалайтындығын айтыпты. “Қатаң қағидаларды орындамағандар қалмыстық немесе әкімшілік жазаға тартылады”, - деп хабарлайды “Экспресс К” газеті “Кодтап үлгере ме?” деген мақалада.
XS
SM
MD
LG