Accessibility links

Қазақстандық дипломаттар бірінші кезекте өз мемлекеттік тілін, тарихын білуі қажет


Еуразия Ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын бітірушілерге университет ректоры Сәрсенғали Әбдіманапов айрықша ескерткен мәселе осы болды. Алайда, академияны бітірушілердің айтуына қарағанда, мұнда дәріс негізінен басқа тілдерде жүргізіледі.

Ал, екінші – үшінші мамандықтықты игеріп, диплом алып жатқан түлектер Қазақстанның мемлекеттік органдарында жұмыс істейтіндер.

Қазақстанның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусейітов дипломатиялық академияны бітірушілердің сыртқы саяси мекемеде жұмыс істеуіне бірінің қол жетер, бірінің қолы жетпес. Бірақ алған білімдеріңіз одан әрі жұмыстарыңызға көмектеседі деп ойламын, деді.

Ал, Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментінің директоры Уәлихан Қоңырбаев тілді, халықаралық заңды білгендерге қашанда сұрау барын айтады. Сондай-ақ, ол мамандарды жұмысқа қаблдауда бірінші талап мемлекеттік тілді білуіне байланысты болады, дейді.

Сыртқы істер министрлігінің Еуропа-Америка департаментінің қызметкері, дипломатиялық академияны сырттай бітіруші Анар Дүтбаева өзінің мемлекеттік тілді үйреніп жатқанын айтса, қызыл дипломның иесі Нұргүл Қадамбаева қазақ тілін білем бірақ, сөйлеуім айтарлықтай емес, дейді. Нұргүл Қадамбаева қазақ тілін жетік меңгеруге оны ағылшын және француз тілі деңгейіне дейін жеткізуге күш саламын, дейді.

Дипломатиялық академияның түлегі Сатыбалды Дәулетәлі халықаралық қатынастар саласында жұмыс істеп жүрген азаматтардың көбісі мемлекеттік тілді біледі деп айту қиын екенін айтады. Сатыбалды Дәулетәлінің айтуына қарағанда, дипломатиялық академияда дәріс негізінен орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Дипломатиялық академияны бітірушілерге мемлекет тілін, тарихын жетік біліңдер деген тілек айтылды. Алайда, мемлекеттік тілді меңгеру жайы бірінші рет қозғалып отырмағаны белгілі.
XS
SM
MD
LG