Accessibility links

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, абайтанушы Қайым Мұхамедханұлы дүниеден өтті.


Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, әдебиет зеттеушісі, абайтанушы Қайым Мұхамедханұлы 88 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ақтық сапарға аттанған Қайым Мұхамедханұлының денесі бүгін Семей қаласында қойылды. Саналы өмірін қазақ әдебиетіне арнаған Қайым Мұхамедханұлының тағдыры да ауыр болғаны белгілі. Мұны ұлтқа адал қызмет етуінің көрінісі деп бағалайды бірқатар қазақ зиялылыры.

Қазақ әдебиетін білгір зерттеушілердің бірегейі Қайым Мұхамедханұлын бүгінгі әріптес інілері- әдебиетшілер, ғалымдар біртуар, қайталанбас тұлға ретінде бағалап отыр. Бастысы - ол кісі қазақ әдебиетіне, ұлт ісіне адал болды дейді олар.

Жазушы Әзілхан Нұршайықов Қайым Мұхамедханұлының шығармашылығы турасына үлкен баға беретінін, ол кісіні өзіне ұстаз тұтатынын жеткізді.

Ал қоғам қайраткері Мұрат Әуезов Қайым Мұхамедханұлын екінші әкесі санайтынын білдірді.

Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Талаптан Ахметжан өздерінің ол кісіні демеп отырғандарын білдірді.

Алайда Семей қаласындағы Абай мұражайының директоры Төкен Ибрагимов Қайым Мұхаммедханұлы биліктен болсын, одақтардан болсын қолдау тауып, өз бағасын алған жоқ дейді.

Естеріңізге сала кетейік, Қайым Мұхамедханұлы жұма күні Семей қаласында ақтық сапарға шығарылып салынды.
XS
SM
MD
LG