Бүгін Еуропа Комиссиясы Грузия еліндегі заңдылықты нығайтуға бағытталған реформаларды қолдауға 4,65 млн. еуро қаржы бөлетінін мәлімдеді. ЕуроКомиссияның өкілі Эмма Удвин “ЕвроКомиссияның көздегені – Грузия үкіметінің кейбір маңызды саланы, мысалға, еңбекпен түзеу жүйесін (түрмелерді) реформалау, бірқатар үкімет мекемесін, атап айтқанда, әділет және ішкі істер министріктерін, сондай-ақ сот жүйесін реформалауға бағытталған күш-жігерін қолдау болып отыр”, -деп атап көрсетті.