Accessibility links

БҰҰның соғыс қылмыскерлері бойынша халықаралық соты бұрыңғы президент Слободан Милошевичтің денсаулығына байланысты сот үдерісіне өзгерту жасауы мүмкін.


БҰҰның Гаагадағы соғыс қылмыскерлері бойынша халықаралық соты Югославияның бұрыңғы президенті Слободан Милошевичтің үстінен жүргізіліп отырған сот жұмысын, шілденің 5-сы, дүйсенбіде айыпкердің денсаулығына байланысты, кейінге қалдырды.

Бұл арада айта кететін бір жағдай, Милошевич, менің денсаулығымның нашарлауына бұл сот тікелей себебші болып отыр деген шағым айтқан.

Адамзатқа қарсы соғыс қылмыскері ретінде екі жылдан бері жалғасып келе жатқан бұл сот ісінің Милошевичтің денсаулығына байланысты кейінге қалдырылуы бұл алғаш рет емес.

Соттың мұндай кедергілерге ұшаруында денсаулыққа қоса және қандай себептер болуы мүмкін ? Балқан аймағындағы 90-жылдардағы соғысқа байланысты БҰҰның халықаралық соты бұрыңғы президент Милошевичті адамзатқа қарсы қылмыстық әрекеттерде айыптап, оның ол істерін геноцитке теңеп отырғандығы белгілі.

Милошевич өзінің ол ауыр қылмысы үшін 2002-жылдың ақпан айынан бері сот алдында жауап беруде. Ал дүйсенбі күні оның қан қысымы көтеріліп кеткендіктен, сот ісі тағы да кезекті рет кейінге қалдырылды.

Ал бүгін сейсенбі күні таңертеңнен бастап, сот осы кезге дейін қорғану шараларын тек қана өзі атқарып келген Слободан Милошевичке енді қорғаныс кеңесінің көмегін қосу мәселесін талқылауда. Бұл жағдайға орай, судя Пәтрик Робинсон былай дейді.

-

Бұл сот үдерісін түбегейлі өзгертетін уақыт келді. Оған айыпкер Милошевичтің денсаулық мәселесі тікелей түрткі болып отыр, деген судя Робинсон. Сонда, Слободан Милошевичке қандай негізгі айып тағылған ?

62ге келген бұрыңғы президентке, адамзатқа қарсы геноциттік әрекеттерге басшылық еткен, 1990-жылдары Босния, Хорватия және Қособада болған соғыс қылмыстарына тікелей жетекшілік етті, деген айып тағылған. Бірақ ол орын алған қылмыстарды мойындағысы келмейді.

Сонда Милошевичтің оған ақталатындай қандай негізі бар екен?

Милошевич ол айыптардың бәрінің саяси астары бар дейді. Бір қызығы, Милошевич абақтыда отырып-ақ, өзін өзі қорғамақ болып, компютор, факс, телефоннан пайдаланып, айыптаушы жақ пен жеке дара күресіп жатқандай сыңайы бар.

Соңғы хабарларға қарағанда, Слободан Милошевичтің сотқа өкпесі қара қазандай көрінеді. Милошевич, сот дайындыққа жеткілікті уақыт бермей менің жүйкемді жұқартты, деп ренжиді екен.

- Менің денсаулығымның нашарлауына сендердің уақыттан қысқандарың себепші болды. Бұл - анық нәрсе. Сондықтан, әлі де болса сендер маған жеткілікті уақыт берулерің қажет, - депті Солбодан Милошевич.

Тергеушілер, 1-ден Милошевичке қорғаушы адвокат берілсін, 2-ден өз камерасынан жауап бере алатындай теле-бейне байланысы орнатылсын, деген ұсыныс жасаған. Бірақ, ондай шаралардан айыпталушы бас тартқан. Міне сондықтан, судя Патрик Робинсон трибуналдағы соңғы жағдайға орай, сот үдерісін одан әрі жалғастыру үшін түбегейлі өзгеріс, жаңалықтар енгізу қажет деп отыр.
XS
SM
MD
LG