Сейсенбі күні кешке қарай алынған мәліметтерге қарағанда, Ирақта кепілдікке ұрланған американдық сарбаз Уассеф Али Хассунды қарулы топ босатып еркіндікке жіберген.
Сонымен, Али Хассунның ата-аналарының өтінішін бүлікшіл деп жарияланған ол топ түсіністікке келіп, орындаған сықылды. Бұл соңғы айларда Ирақ пен Сауд араб елінде кепілдік тұтқынға түсіп, бірақ аман-есен азаттыққа шыққан алғашқы шет елдік азамат болып отыр.
- Аса мейірімді және қайырымды Алланың атымен мәлімдеп жолдаймыз:
Біз сүйіктеі перзентіміз, бауырымыз, досымыз Уассефтің қазіргі тағдырынан бейхабар отырмыз. Дегенмен, оның аман-есен босатылғандығына сенгіміз келеді.
Ал егер ол тұтқындаушылардың қолында болса, онда, ұлы Пайғамбарымыз ғалаю - ассаламның сөзімен, Жердегі мүминдерге рахымдылық жаса, сонда саған Алла тағаладан қайрымдылық келеді, дейміз.
Бұл, әзірше, Ирақта кепілдік тұтқында отырған американдық капрал Уассеф Али Хассунның жан досы Тареқ Нассиердің, тұтқындаушы топқа, Уассефтің ата-анасы, бауырлары және достары атынан оны бостандыққа шығару жөніндегі өтініші еді. Уассефтің ата-анасы мен достары өздерінің бұл жан-айқайын оның беймәлім жағдайына орай жолдаған.
Хабарларға қарағанда, Уассеф Американдық әскери бөлімшедегі тілмәштік жұмысына қайтып бармаймын дегеннен соң ирақтық ісләмшіл топ оны қауіпсіздеу жерге көшірген. Ол жөнінде өздерін İсләм жауап тобы деп атағандар факспен Қатар еліндегі Ал-Жазира теле арнасына хабарлаған.
24 жастағы Хассунды 2-3 күн бұрын өлтірілді деп мәлімдегенімен, өзге бір Ансар ал-Сунна деген топ артынша ол жаман хабарды теріске шығарған болатын.
Жалпы түбі ливандық, бірақ қазіргі кезде АҚШтық әскери Хассунды алғаш рет маусымның 27сінде теле-бейне таспамен көрсетіп, одан кейін 7 күн бойы бейдерек кеткен болатын. Бұл арада Хассұнды тұтқындағандар егер АҚШ әскерилері Ирақ тұтқындарын бостандыққа жібермесе оны өлтіреміз деп ескертумен болған. Бұл өте қыйын да, ауыр сәттер еді. Себебі дәл осындай жағдайда осыған дейін екі американдық пен бір оңтүстік Корея азаматы өткен бір жарым айда Ирақ және Сауд араб елінде бауыздап өлтірілген еді. Ең сорақысы , ол көріністер бейне таспалар мен және интернет сайты арқыла бүкіл әлемге таратылды.
Тайм жұрналынан арнайы шақырумен барған тілші Майкл Уеардың айтуынша, ол ісләмшіл жауынгерлер Саддам Хұсейннің қауіпсіздік күштерінің дайындығынан өткен аса тәжрибелі топ көрінеді. Міне солар маусым айының бір күнінде Ирақтың қатарынан 5 қаласында бомбы шабуылын жасап, кемінде 100 адамды опат еткен болатын, Сондай шабуылдарда, бір ғана өткен аптада, он американдық сарбаз қаза тапты.
Кісі ұрлап, оларды қасақана өлтіру, партизандық және жанпидашылық шабуылдары арқылы бүлікшіл жауынгерлер американдық және одақтас күштерден кек алуды өз мақсаттары етіп қойған. Өз кезегінде, АҚШ күштері де түрлі шабуылмен қарсы шара қолдануда.
Маусымның соңында егемендік алған Ирақ үкіметі бас министрі Аллауидің айтуынша, әзірше, халықаралық күштер Ирақта қала беруі тиіс екен.
- Теледидардан мен көрген хабарларға қарағанда, Ирақта басқыншы күштер жоқ сықылды. Барларының өзі - Ирақ үкіметінің өтінішімен келген халықаралық одақтас күштер. Олар қауіпсіздік орнату үшін келген. Ал олардың дәл осы сәтте шығып кетуінен, зиян болмаса пайда жоқ, деген Ирақ бас министрі Аллауи.
Сейсенбі күні кешке қарай, СиЭнЭн теледидарына Ливан астанасы Триполиден тұрып, Уассеф Хассунның туған інісі Сами Хассун , менің ағам - тірі, оны тұтқындаған топ босатты, осындай қуанышты хабар бар деп, мәлімдеген.