Accessibility links

АҚШ пен Европаның біріккен ғарыш кемесінің Сатурн маңайынан жолдаған алғашқы мәліметтері ғалымдарды ойландырып отыр.


Ғарыш кемесінен түсірілген суреттерден Сатурн сақинасындағы жүздеген симметриялы таңғажайып толқындарды көруге болады. Олар планетаның магниттік алқабынан пайда болған сыңайлы. Сақиналар кішігірім планета құрылымындағы ұсақ бөлшектерге дейін анық көрсетеді. Лондондағы университет колледжінің ғарыштық лабораториясында "Кассини-Хойгинс" жобасына қатысушы ғалымдардың бірі Эндрю Коатес былай дейді:

-Өте ғажайып жайт. Бұлар Кассини-Хойгинстен, Сатурн маңайындағы серіктерін оның ең үлкені Титанды айналып ұшқаннан бергі келіп түскен алғашқы деректер. Мұндай нәтижеге қол жеткізу керемет таңақаларлық, шындығында бұл өте қызықты. Сақиналардың өлшемдері олардың мұзды сулардан және оның кішкентай бөлшектерінен пайда болғанын көрсетеді. Олардың арасындағы ашық аралықтардан кір, шаң-тозаңды ғана көруге болады. Ол айдың Фоиб деп аталатын қабатына ұқсас болып келген. Соған қарап зерттеуші ғалымдар бұл сақиналар бөлшектелген айдың қалдықтары болуы мүмкін деген болжам айтады. Ал сақиналардың шеттерінен оттегінің үлкен көлемін байқауға болады екен.

Ғарыш кемесі магниттік алқап арқылы Британияның Лестер университетімен жалғастырылған, осы университеттің профессоры Стэн Колей Сатурн дегеніміз шатқалды жоғарғы қабаты болмайтын үлкен газды шар дегенді айтады. Онда болып жатқан түрлі процестер, атап айтқанда ішкі жоғарғы температурасы, магниттік құбылыстары бұл әзірге түсініксіз жайттар дейді профессор:

-Біз планетаға жақын жатқан магниттік алқапты өте мүқият зерттедік. Бұл ғарыш кемесі планетаның магниттік аймағын өлшеу үшін бұрын-соңды кеңістікке жіберілген кемелердің ішінде планетаға өте жақын барған бірінші кеме деп айтуға болады. Алынған деректерде таңданарлық мәліметтер баршылық, біз қазір олардың нені ұқтыратынын зерттеп, білу ұшін көп жұмыс жасап жатырмыз.

Бұдан өзге де ғарыш кемесі жіберген суреттердің таңданарлық тұстары көп көрінеді ғалымдардың пікірінше. Оның бірі суреттерден көзге шалынатын көлемі Италияның көлеміндей болатын бұлтты метан деуге болады.

Коатес Сатурнның ең үлкен серігі Титанның қалың қабаты жерден телескоп арқылы оның бетіндегі күманді жайттарды анық көруге мүмкіндік бермейді, мұның өзі бұған дейін жасалған кейбір тұжырымдарға жақындата түседі дейді:

-Шын мәнінде суреттердегі қалың қарайған тұстар мұзды су, ал бозғылттау болып көрінетін жерлері мұзды судың оттегімен араласқан тұстары деуге болады. Ал метанды бұлттар метан жаңбыры онда да болуы ықтимал дегенді білдіруі мүмкін.

Ғалым Коатес сондай-ақ Титанның азотқа бай атмосферасының химиялық құрамының көп ғасырлар бұрынғы жердің құрамына ұқсастығын айта келіп, мұның өзі ғарыш кемесінің деректері өз планетамыздың қалай қалыптасқанын зерттеп білуге көмектеседі деген ойын да ортаға салады. Ал Рейтерс агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-ң НАСА ғарыш агенттігінің өкілі доктор Каролин Порко бұл жаңалық жөнінде:

-Сіздер қазір Кассини жобасында өмір жақсы деп ойлап, қиялдап қалдыңыздар. Ғалымдар және біздің команданың барлық мүшелері де бұл суреттерден және басқа да деректерден бастары айналып қалды,-деп атап көрсетеді доктор Каролин Порко. Әрине алда бұдан да нақтырақ жайттар күтіп тұрған болуы керек, 14 қаңтарда Кассинимен біріктірілген Хойгинс Сатурнның үлкен серігі- Титанның бетіне қонып, бұдан да көбірек мәліметтер жиынтығын береді деп күтеді ғарыш зерттеушілері.
XS
SM
MD
LG