Accessibility links

“Өзен-Атырау-Самара” магистральды мұнай құбырының жарылуы салдарынан 3000 тонна мұнай сыртқа төгілді


Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы “Өзен-Атырау-Самара” магистральды мұнай құбырының жарылуы салдарынан 3000 тонна мұнай сыртқа төгілді. Бұл туралы шілденің 8-інде “Азаттық” радиосына ҚР Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының төрағасы Қажымұрат Қойрошов мырза хабарлады. Оның айтуына қарағанда, апат шілде айының 6-сында жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 3.15-те “ҚазТрансОйл” компаниясына қарасты мұнай құбырының 283-інші шақырымында болған.

-Манаша дейтін өзеннің жырасында жердің бетімен өтетін 60 метрлік құбыр жарылып, 3000 тонна мұнай жерге төгілді. Қазір ол жерде 83 арнайы техника мен 200 адам жұмыс істеп жатыр.

Қажымұрат Қайрошов мырзаның айтуына қарағанда, мұнай аққан жыралар жан жағынан бекітіліп, аққан мұнайдың 1200 тоннасы құбырмен қайта айдалған. Апат орнында ауамен өтетін 80 метрлік 2 құбырлар дайындалып, бүгінгі кешкі сағат 9-ға дейін іске қосу мүмкіндігі қарастырылуда, деді. Сондай-ақ Қажымұрат Қайрошов мырза апаттың экономикалық және экологиялық шығындары әлі толықтай анықталып болған жоқ. Оқиға салдарынан келген шығын көлемін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ “ҚазТрансОйл” компаниясына қарасты басқа мұнай айдау құбырлары жұмыстарын тоқтатқан жоқ,- деді.



Осы орын алған төтенше жағдайға байланысты Атыраудағы Каспий табиғаты” қоғамдық ұйымының жетекшісі, эколог Махамбет Хакім мырза химиялық улы элеметтер көп кездесетін шикі мұнайдың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері зор. Оның залалы Тіпті 100 жылға дейін болуы мүмкін,- дегенді айтады.

-Шет елде мұнай төгілгенде бүкіл ел жиналып алақанымен жинайды. Бізде оны ешкім жасамайды. Коп болса өртейді сосын жауып тастайды. Бірінші - сол мұнайда істейтін адамдарға зиян. Денсаулықтан айырылатын солар. Екінші - табиғат зардап шегеді. Қазір төгілді көп болса компания айыппұл төлейді. Заң бойынша компания әр қызметкеріне үстеме компенсация төлеп, медициналық сақтандыру жасау керек.

Осы орайда эколог Махамбет Хакім өңделмеген шикі мұнайдың зардаптарын жоюдың жолдары бар,- дейді. -Шет елде мұнай төгілген жағдайда ол жерді қалпына келтіру үшін мұнай жейтін микробтар жібереді. Төгілген мұнайды қайта өңдейді. Одан тіпті қайтадан бензин, мазут та шығаруға болады. Бірақ бұл бізде жасалмайды.
XS
SM
MD
LG