Accessibility links

Ақтөбе обылысының әкімі Ермек Имантаев қызметінен кетті.


бұрынғы әкімі Ермек Имантаевтың қызметінен тезірек кетуіне бірден –бір әсер еткен осы қоғам өкілдерінің мәлімдемесі.Сол жағдайдан кейін обылысқа арнайы тексеру комиссиясы келіп,ақыр аяғында әкім орнынан кетті.

Саясаттанушы Жасарал Қуанышәлінің ойынша Ермек Имантаев әкім креслосына кездойсоқ келген.Ол әкім болған уақыт ішінде оған көзім анық жетті дейді. Мәлімдемеде көрсетілген обылыстың бұрынғы әкімі Ермек Имантаевқа байланысты деректерді комиссия анықтады ма деген сұрағымызға комитет мүшесі Жасарал Қуанышәлі мырза оның қортындысын көргенім жоқ.Менің білетінім комиссияның келгені.Егер ештеңе анықталмаған болса,мұндай шешімнің болар болмауы екіталай.Өйткені,Президент өзі тағайындаған әкімін оп-оңай орнынан ала қоймайды деген пікір білдіреді.

Ал,осы Ақтөбелік қоғам өкілдерінің үндеуін өз бетінде жария еткен республикалық Жас Алаш басылымының редакторы Жүсіпбек Қорғасбек демократияға қайшы әрекеттерге көз жұмып қарап отыра алмадық,біз жергілікті халықтың талап тілегін билік басындағыларға жеткізуді жөн көрдік.

Біздің басылымда бұрын да Ақтөбе обылысы әкімінің іс әрекеттеріне байланысты сын мақалалар жарық көрген.Ақыры билік басындағыларға жеткен сияқты дейді ол.Бұл ойды саясаттаушы Жасарал Қуанышәлі де құптап отыр.Биліктің мұндай шешім шығаруы,яғни Ермек Имантаевты қызметінен алуы көкірекке бір үміт ұялатады дейді ол.

Біз экс әкімнің қызметінен кетуіне байланысты түсінік беруді өтініп,Ақтөбе обылыстық әкімшілігінің ішкі саясат департаменті бастығы Марат Тағысовпен хабарласқанбыз.

Ол бұрынғы әкімнің басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кеткенін,ал дәл қазір оның қандай жұмыс екенінен хабар бере алмайтынын айты. Ал,экс әкіммен хабарласуымыз сәтсіз болды. Жалпы мұндай жағдай ,яғни жергілікті халықтың әкімге қарсы шығып,соның салдарынан Қазақстан Президенті тағайындаған обылыс әкімінің қызметінен кетуі алғаш рет.Мұндай жағдай әкімдерді тағайындау емес,сайлау күндерін жақындатады дейді саясаттанушы Дос Көшім. Тағы да ол, дәл осындай кіп кішкене оқиғаның өзі Қазақстанда келешекте халық билігі жүйесіне ұласып кетуіне әсер етуі әбден ықтимал деген ойын жасырмайды.
XS
SM
MD
LG