Брюссельдегі сот Еуропалық Одақтың министрлер одағы валюталық Еуроодақта өздеріне жасаған келісімге сай ережеден тая алмайды деген қаулы шығарды. Қазіргі жағдайда, ережеде айтылғандай, егерде, бюджет тапшылығы ішкі жалпы өнімнен 3 пайызға асып кетсе, Еуропалық валюта аумағындағы кез келген 12 ел айып пұл төлеуі тиіс. Франция мен Германия өз бюджеттерін 2005 жылға дейін жөндейміз деген уәде берген.