Шілденің 15-і күні Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы, Алматы және Астана қалаларындағы жоғары оқу орындарының терминография саласымен айналысып жүрген ғалымдары мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және термин сөздерді мемлекеттік тілге аудару мәселелерін талқылады. Мамандардың пікірінше, терминдердің қазақ тіліне аударылған баламалары сапасыз, сын көтермейтіндері көп, тіл тазалығын сақтауға нұқсан келтіруде.
Термин сөздердің мемлекеттік тілдегі баламалары мамандар тарапынан да, жұртшылық арасында да көптен бері сыналып келеді. Тіл саласының мамандарының пікірінше, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің бір жолы терминология саласын дамыту. Ал Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Тілдерді дамыту департаменті директорының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы: «Термин сөздердің алуан түрлі қолданысының сынға ұшырауына байланысты алдағы уақытта бүр жүйеге келтіріп, бір орталықтан үйлестіріліп шығарылуы қажет. Осы мәселелер де мамандар назарынан тыс қалмауға тиіс», -- деп есептейді
Терминология комиссиясының мүшесі Кеңес Юсупов термин сөздердің қазақша баламасын қалыптастырып, бір жүйеге келтіру үшін аудармашылардың біліктілігін көтеруге көп көңіл бөлу керек деп санайды. «Бізге саяси, философиялық дүниелерді аударатын аудармашылар керек. Қазақтың тілінде сөйлететін аудармашылар керек. Аударма-өркениетті елдер арасындағы алтын көпір. Қазақ тілін шын мәніндегі мемлекеттік деңгейге жеткізу қазақ ұлтының өз қолында. Тілді от басы, ошақ қасында ғана сөйлейтін жарымжан тілге айналдырып жіберуден сақтану керек», - дейді.
«Терминология мәселесі қлттың тарихи санасының қалыптасуымен сабақсас сала», - дейді Мәдениет вице-министрі Бекболат Тілеухан. Оның ойынша, Кеңес Одағының отарлық саясаты қазақ тіліне әсер етпей қойған жоқ, қайсыбір кирилл әріптерінің қазақ әліпбиіне еніп кетуі тілдің өзіндік табиғатының бұзылуына әкеп соқтырған.
«Біз халықаралық термин сөздердің барлығын аударып жатырмыз, алайда одан түскен пайда шамалы, тілдік қорымызды кеңейтуге қосар үлесі аз. Одан да сол жұмыстарды нақты іске асырудың амалдарын қарастыруымыз керек», - дейді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Шора Сарыбаев.
1950-ші жылдан бүгінгі күнге дейін 200-ден аса сөздіктер жарық көрген. Шора Сарыбаев мырза ендігі уақытта олардың санына емес, сапасына көңіл аудару қажет деп есептейді.