Accessibility links

Бүгін ертеңгісін Бағдаттың орталығында ірі жарылыс болды


Ирақ полициясы мен АҚШ әскерилерінің мәліметінше, өлімге басын тіккен лаңкесші әділет министрі Мәлік Дохан әл-Хасанды өлтірмекші болды. 4 адам қаза болды, 7 адам жаралы. Жарылыс орнында болған американдық жауынгер Лоури министр аман дейді:

-Біз осы жердің батыс жағындағы аймағында болдық. Жарылысты естідік, түтінді көріп, дереу осы жерге келдік. Бұл жерде жарылған 4 не 5 машина болды.

Ирақ министрін өлтіруге бағытталған әрекетті Иорданиялық лаңкесші Әбу Мұсаб әз-Заркауи басқаратын топ өз мойнына алды.
XS
SM
MD
LG