Ресей президенті Владимир Путин бүгін қорғаныс күштерінің бас штаб бастығы Анатолий Квашнинды қызметінен босатып, оның орнына генерал-полковник Юрий Балуевскийді тағайындады. Сонымен қатар Владимир Путин дүйсенбі күні ішкі істер министрлігі ішкі әскерінің солтүстік-кавказ округының әскери басшысы Михаил Лабунцты отставкаға жіберді. Оның орнына генерал Аленксандр Баранов келді. Атқарып отырған қызметінен Солтүстік Кавказ аймағына жауапты, Федералды қауіпсіздік қызметінің директор орынбасары Анатолий Ежков та кетті. Владимир Путин ішкі әскердің бас қолбасшысы Вячеслав Тихомировты отставкаға жіберді, Тихомировтың қызметін қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, генерал-полковник Александр Белоусов атқаратын болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Коммунизм мұрасы
Тасаға тығылған тас мүсіндер. Қазақстандағы совет ескерткіштері
-
"Ескертусіз қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV