Accessibility links

Қазақстанда тергеу және сот кезінде азаматтардың құқықтары тоқтаусыз бұзылады


Адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы бойынша Қазақстандық бюро жарғылық мақсаттарына байланысты анықтау, алдын-ала тергеу және сот кезінде азаматтардың құқықтарын сақтау есебінің нәтижелерін жариялады.

Осы қорытындыларға сүйене отырып, аталған мекеме қызметкерлері мен Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының өкілдері әсіресе, алдын-ала тергеу және сот кезінде азаматтардың құқықтары соңғы кезде өрескел бұзылып отыр деген пікірлерін білдіруде. Адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы бойынша бюроның есебінше, анықтау, алдын-ала тергеу және сот кезіндегі азаматтардың құқықтарының бұзылуы қалыпты жайтқа айналған. Айталық 2002 жылы ішкі істер қызметкерлері азаматтардың конституциялық құқын бұзу бойынша 60 қылмыстық іс қозғаған, 2003 жылы 42, биылғы жылдың 6 ай ішінде 29 қылмыстық іс қозғаған. Адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы бойынша бюро өкілі Мария Пульман өздеріне осы тұрғыда 146 арыз шағымның түскенін айтады. Алайда Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының мүшесі, адвокат Серік Сәрсенов аталған бюроның бұл тұрғыда азаматтардың құқын қорғауға дәрменсіз екенін айтады. Бұл бойынша нақты деректер де, мәселенің мәнісі де бұдан әлдеқайда күрделі дейді ол.Сондай-ақ Серік Сәрсенов қылмыстық және азаматтық процесуалдық кодекстерді биліктегілердің ешқайсысы орындамайды. Сондықтан оларды отқа жағып жіберу керек дейді ол.

Ал адвокат Нұрлан Үстеміров егер жоғарыдан бұйрық берілсе болды, ол адам міндетті түрде сотталады. Себебі, Қазақстандағы сот жүйесі дербес емес, билікке тәуелді дейді ол.
XS
SM
MD
LG