Accessibility links

ИРАҚ ҮКІМЕТІ КӨРШІ МЕМЛЕКЕТТЕР ҚОЛДАУ КӨРСЕТСЕ ДЕП ҮМІТТЕНЕДІ


Өтпелі кезеңдегі Ирақ үкіметінің сыртқы істер мекемесінің жетекшісі Хошияр Зебари бүгін Қаирда көрші мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесті. Басқосуда Хошияр Зебари Сауд Арабия, Түркия, Кувейт, Иран, Сирия және Иордания мемлекеттерін Ирақтағы мәселелерді шешуге ат салысуға, сонымен қатар өз шеқараларындағы бақылауды күшейтуге шақырады, деп күтіліп отыр.

-Көрші мемлекеттер тәуелсіз Ирақ үкіметінің іс-әрекетін қолдап, бейбіт мемлекет құруға көмектеседі, деп сенеміз,- деді өз сөзінде Хошияр Зебари.
XS
SM
MD
LG