Accessibility links

АҚШ Конгресі Судан еліндегі қантөгісті геноцид деп бағалады


АҚШ Конгресі Африканың Судан еліндегі қантөгісті “геноцид” деп бағалап, Вашингтонды қантөгісті тоқтауға шақырды. Конгрестің бейсенбі күні қабылдаған қаулысында Суданның Дарфур өлкесінде нәсілшілдік пиғылда 30 мың адамның асқан қаныпезерлікпен қырылғаны айтылады. Бұл қаулы АҚШ президенті Дж.Бушты қылмыскерлерді жазаға тартып, Судандағы халықаралық бітімгершілік күштеріне жапа шеккен халықты қорғайтын құзыр беруге шақырады. Вашингтон БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне Суданға жаза қолдану жөніндегі қарардың жобасын ұсынды.
XS
SM
MD
LG