Accessibility links

Қазақстанға парламенттік басқару жүйесі қажет дейді бірқатар саясаттанушы


Қазақстандағы бірқатар саясаттанушылар мен әсіресе, оппозициялық күштер елдегі билікті басқару формасына түрліше пікірлер айтып келген болатын. Алайда алдағы сайлау алдында кейбір заңгер – ғалымдар: «Әзірше, Қазақстандағы билікті тұлға бекітеді, яғни президент Н.Назарбаев басқарған президенттік институт әлі ұзақ жалғастығын табуға тиіс» - деген ұстанымдарын білдірді.

Дегенмен бұл тұжырыммен елдегі оппозициялық партия өкілдері мен бірқатар саясаттанушылар келіспейтіндіктерін жеткізуде. 14-ші жылға аяқ басқан Қазақстандағы президенттік басқару жүйесі бірқатар заңгер – ғалымдардың айтуынша, елде әлі ұзақ уақытқа дейін сақталатын билік жүйесі екен. Олар Қазақстанда қалыптасып келе жатқан президенттік институтты Н.Назарбаевтың президент ретіндегі жеке тұлғасынан бөліп қарастыра алмайтындықтарын да айтады. Академик, заң ғылымдарының докторы, профессор Салық Зиманов Қазақстанда президенттік басқару жүйесі толыққанды өз мүмкіндігін ашып болған жоқ дейді. Оны ғылыми, саяси тұрғыдан жетілдіре түсу қажет дейді ол. Алайда академик, ғалым Ғарифолла Есім саяси тұрғыда президенттік басқарудың ескіре бастағанын айтады. Сондықтан ол ендігі басқару жүйесі парламенттік билік болуға тиіс деген пікірде. Және де жалғыз адамның билікті басқарып тұруы соңғы кезде әңгіме болып жатқанын айтады.
XS
SM
MD
LG