Accessibility links

Баспасөзге шолу


Қазақстандық тарап Өзбекстандағы көктемде болған үлкен жарылыстарға кінәлілер мен оның сыбайластары террористер дайындайтын лагерьлер орналасқан Қазақстандағы шекаралас аумақты пайдаланды деген өзбекстандық ресми орындардың мәлімдемесін шындыққа жанаспайды деп тапқан. Бұл жайында газеттердің бірі кеңірек баяндаса, енді бір басылымдар қазақстандықтардың азаматтық құқықтары қаншалық сақталып отыр деген мәселеге тоқталады.

“Айқын” басылымы “Ақ жол” партиясының теңтөрағасы Болат Әбіловтің парламент депутаты Мұхат Тінкеевке жала жапты деген айыппен шартты түрде бір жарым жылға бас бостандығынан айырлғанын хабарлай отырып, жауапқа тартылушының сот шешімімен келіспейтіндігін жеткізеді. Газеттің хабарлауынша,“Болат Әбілов: “менің азаматтық құқығым аяққа тапталды. Шынын айтсам, сот мені адам екен деп тұрған жоқ. Сот процесі кезінде осыны бастан өткіздім”, - деген. Сонымен бірге ол өзінің бірде-бір дәлелі сотта қабылданбағанын айтқан. Мақалада келтірілген мәліметтерге қарағанда, Болат Әбілов сот шешімімен келіспегендіктен, Жоғары сотқа шағымдануға даяр.

“Байқоңыр ғарыш жайын жалға беру шарттарындағы олқылықтар мен кейбір салалық келісімдердің шикілігі Байқоңырдағы Қазақстан азаматтарының конституциялық құқығының бұзылуына соқтырып, әлеуметтік қамсыздандыруда теңсіздіктер орын алуда”, - деп жазылған “Азат” газетінде Байқоңыр қаласының бір топ тұрғындарының Қазақстан мен Ресей президенттеріне арнаған ашық хатында. Хат жазушылардың айтуына қарағанда, “екі елдің құқық тәртібін қамтамасыз ету туралы өзара келісім баптарына сүйеніп, ресейлік құқық қорғау орындары мен әскери сот екі жылда отыздан астам Қазақстан азаматтарын қылмыстық жазаға кескен”. “Бұл ретте Қазақстанның Конституциялық Кеңестің жоғарыда аталаған баптарын Конституцияға қайшы ұстаным, күші жойылуы қажет деген”қаулысы да жүзеге аспай отыр”, - деп шағымданады хат жазушылар. Олар бір қаладағы екі түрлі, яғни, Қазақстан және Ресей азматтарының арасында ресейліктердің әлеуметтік жағынан жақсырақ қамтылғанын тілге тиек ете отырып, Байқоңырдың федералдық маңызы бар қала аталуына сәйкес ондағы барлық салада Ресей заңдарының үстем сипатқа ие кендігіне тоқталады.

Сол себептен хат иелері қаладағы 30 мыңға жуық қазақстан азаматтар мен сол өңірдегі 15 мыңнан астам жергілікті қазақтардық көпшілігі “айлақ пен қаладағы мекеме-кәсіпорындарда жұмыс істегендіктен, еріксіз Ресей заңдарына мойынсұнуға мәжбүр”, - дейді хат жазушы қазақстандық азаматтар. Олар сонымен бірге өздерінің президенттерге арнаған ашық хаттарында қазақстандықтар сол жердегі ресейлік кәсіпорындарға жұмысқа орналасуда, сол өңірде кәсіпкерлікпен айналысуда кемсітушілікке ұшырап отырғандарын баяндайды. Естеріңізге сала кетейік, Ресей тарапы биылғы жылы Байқоңырды жалға алу келісім-шартын 2050-ші жылға дейін ұзартты. Ресей президенті Владимир Путин оның Ресей үшін маңызды екендігін айтқан болатын.

Қазақстанның оңтүстіктегі көршісімен бір мәселеде екі түрлі пікір білдіп отырғандығына назар салады “Литер” газеті. Газетте берілген деректерге қарағанда, Өбекстанның Жоғары сотында Өзбекстанның мемлекеттік айыптау тарапының өкілі Ташкент пен Бұқара облысында көктемде болған жарылыстар бойынша жасаған мәлімдемесінде Қазақстан жайлы сөз қозғаған. Ол “лаңкестікке кінәлілер мен олардың сыбайластары террористер дайындайтын көмекші лагерльер жасақталған Қазақстанның шекаралас аумағын пайдаланған” дегенді алға тартқан. “Егер Өзбекстанның бас прокуроры Рашид Қадыровтың жарылыстарға “Әл-Каеда” ұйымына жақын экстремистік топтардың қатысы бар деген сөзін ескерсек, Қазақстанда Усана бен Ладен атындағы мектептер бар ма? Ташкенттің таққан мұндай мұндай үлкен айыбын қалай түсінуге болады?”- дейді газет тілшісі. Алайда, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі “Литер” газетіне Өзбекстанның ресми орындары жасаған мәлімдеме шындыққа жанаспайтындығын хабарлапты.
XS
SM
MD
LG