Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Минсктағы өкілділігінің жетекшісі Эберхард Хайкен Белоруссия үкіметінің жуыр күндері Еуропалық гуманитарлық универтисетті жапқанына қатты алаңдаулы екенін жеткізді. Республикада бар жалғыз жекеменшік жоғарғы оқу орны - бұл жерде қалыпты білім алуға мүмкіндік аз , деген себептермен жабылған. Университет деканының кеңесшісі Сергей Павлоскийдың айтуынша, Белоруссияның білім министрлігі, университетте лекцияны шетелдіктер оқитынына бірнеше рет наразылық бідерген. Университет Еуропалық Одақтық және халықралақ ұйымдардың дотациясы негізінде жұмыс істеген.