Accessibility links

Баспасөзге шолу


Бейсенбі күні жарық көрген басылымдар «Ақ жол» партиясының тең төрағасы Болат Әбіловке қатысты шығарылған сот шешіміне аталған партияның басшылығы білдірген наразылық турасында және алдағы сайлауды ақпарат құралдарының қалай қаузауы қажеттігі жөнінде бірқатар мақала жариялаған.

«Айқын» газеті «Ақ жол» партиясының тең төрағасы Болат Әбіловке қатысты шығарылған сот шешімінің әділ екенін меңзейді. Партия басшылығының өз әріптестерінікін қанша қолдағанымен бұл олар айтқандай, саяси қысым емес, әрі биліктің өзімбілемдігі де емес дейді олар. Бұл пікірін «Айқын» газеті былайша тұжырады. Алайда бейсенбі күні жарық көрген санында «Жас алаш» газеті «Ақ жол» партиясы саяси атқару комитетінің сот шешіміне орайғы мәлімдемесін толық жариялай отырып, бұл шешімді партия басшылығы айтқанындай, биліктің жасап отырған саяси қысымы екенін жазады. Сонымен қатар бұл анық биліктің «Ақ жол» партиясына сайлау алдында көрсетіп отырған қыры екені – «Жеміс бермейтін ағашқа ешкім тас лақтырмайды» деп түйіндеген. Сондай-ақ «Мегаполис» газеті өзінің соңғы санында «Енді Әбілов сайлауға қатыса ала ма?» - деген сауал тастапты. «Ақ жол» партиясының басшылығы қанша әлі Б.Әбілов алдағы сайлауға қатысуына мүмкіндігі бар деп өздерін алдағанымен, енді Әбілов бәрібір сайлауға түсе алмайды деген болжам жасайды. Бұндай кесімді пікірді бейсенбі күні жарық көрген санында «Время» апталығы да айтқан. Ондағы тобықтай түйін – Болатты ойыннан шығарып тастады дегенге саяды. Және де апталық Б.Әбіловтың сотта айғақ ретінде ұсынған аудио таспадағы депутат Тінекеевтің сөздерін жариялапты. Онда депутаттың телефон арқылы сұхбаттасын балағаттағаны, жеке басына тиісіп сөйлегені қаз – қалпында берілген. Сайлау тақырыбын да қамтыған басылымдардың ішінде «Түркістан» газеті өзінің соңғы санында ақпарат құралының обьективтілігі – сайлаудың әділ өтуіне кепіл деп тұжырады. Ал бейсенбі күні жарық көрген санында «Ана тілі» газеті сайлау тақырыбына БАҚ-тардың батыл әрі әділ араласуы үшін Орталық сайлау комиссиясы мен ақпарат министрлігінің ұстанымы берік болуы қажет дейді.
XS
SM
MD
LG