КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост өлкесінде үкімет армиясымен арадағы кескілескен шайқаста тәліптердің 50-ге жуық сарбазы қаза болды. Оққа ұшқандардың санын үкімет армиясына әуеден қолдау білдірген АҚШ авиациясы анықтаған көрінеді. Өзара қақтығыс көрші Пәкістаннан Ауғанстанға тәліптердің үлкен жасағы басып кіріп, әскери күзетке шабуыл жасаған сәтте басталған. Аман қалған тәліптер Пәкістанның ит мұрыны батпайтын ауданына қашып бас сауғалаған.
Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост өлкесінде үкімет армиясымен арадағы кескілескен шайқаста тәліптердің 50-ге жуық сарбазы қаза болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосына – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV