Accessibility links

Үкіметке жалтақтайтын қайраткерлер тәуелсіз бақылау қоғамының құрылғанын байқамай қалды


Қазақстандық «Эхо» және «Развитие плюс» үкіметтік емес ұйымдарының мұрындық болуымен «Elections & Democracu» атты сайлауларды бақылау жөніндегі халықаралық қауымдастығы құрылды. Қауымдастық ұзақ мерзім бойы сайлауды қолдау бағдарламаларымен айналысып келген ТМД-ның бес елінің үкіметтік емес ұйымдарының бастарын бір шаңырақ астында біріктіріп отыр.

Атап айтқанда, қауымдастық құрылтайшылары: Қырғызстанның «Коррупциясыз болашақ» үкіметтік емес ұйымы, Ресейдің «Индем» саяси зерттеулер орталығы, Қазақстандық «Эхо» және «Развитие плюс», Арменияның «Center for Communitu Dialogues and Initiatives» және Украйнаның «Freedom of Choice» үкіметтік емес ұйымдары. Қауымдастықтың басты міндеті аталған елдердегі сайлау процестерінің демократиялық жағдайда өтуін қамтамасыз ету. Жақын аралықтағы жоспары бойынша қауымдастық Қазақстандағы және Қырғызстандағы парламент сайлауларына бақылау жүргізбек. Дәл қазіргі кезде қауымдастық қызметкерлері Қазақстандағы саяси партиялардың телеарналар эфирі мен баспасөз беттеріне шығу мүмкіншіліктерінің теңдігін анықтау мақсатында өздерінің тәуелсіз мониторингін жүргізіп жатыр екен. Алғашқы нәтиже бойынша бұл ретте қазірдің өзінде партиялардың тең жағдайда еместігі көзге ұрып тұр дейді олар. Алайда еркін және әділ сайлауды ғана демократия құрудың саяси жүйеге деген сенімді арттырудың маңызды құралы деп санайтын қауымдастықтың алдына қойып отырған басты мақсаттары – сайлау процестеріне тәуелсіз бақылау ұйымдастыру арқылы азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру, сайлау жүйесі мен сайлау заңнамасын жетілдіру, халықтың саяси жүйеге деген сенімін арттыру. Осы бағытта қауымдастықтың Армениядағы үйлестірушісі Рузан Седрикиян президент және парламент сайлауларын аталған бес елде бақыламақпыз дейді. Ал Ресейдің «Индем» саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Владимир Хадацкий елдеріміздегі сайлаулардың әділ өтуіне мүдделі шындап келгенде өзіміз ғана. Бұл қауымдастықтың құрылуы азаматтық санамыздың өскендігінің көрінісі дейді ол.Сондай-ақ қауымдастықтың Украйнадағы өкілі Лепегун Ян сайлау күндері әр сайлау учаскесінде екі бақылаушымыздан, бас- аяғы 140 бақылаушыларымыз тартылмақ дейді.Енді осы жаңадан құрылып жатқан қауымдастыққа орай саясаткер мен сарапшының да пікірін білген едік. Саясаткер Жасарал Қуанышәлі бұл қауымдастықтың қаншалықты деңгейде жұмыс істейтіндігін алдағы сайлау көрсетіп береді дейді. Алайда Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесінің жетекшісі Дос Көшім бұл қауымдастықтың құрылуына күмәнмен қарайтындығын айтады. Сөйтіп Қазақстандағы парламент мәжілісі сайлауына әрбір бақылаушысының өмірін сақтандырып барғалы отырған қауымдастық қызметкерлері президенттік сайлауға да дайындалып жатқандықтарын жеткізді.
XS
SM
MD
LG