Accessibility links

Қазақстанда тұңғыш рет «Жиырма бірінші ғасыр балалары: уақыт және өзің туралы тілдесу» атты халықаралық Саммиті өз жұмысын бастады


Тамыздың алтысы күні Қазақстанда тұңғыш рет «Жиырма бірінші ғасыр балалары: уақыт және өзің туралы тілдесу» атты халықаралық Саммиті өз жұмысын бастады. Тамыздың 10-ына дейін өтетін халықаралық саммит Ақмола облысының Бурабай курортында өтуде.

Қазақстанның Білім және Ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған форум Қазақстандағы Ресей жылы аясында ұйымдастырылып отыр.

іс-шараның мақсаты - балалардың жеке құқығына, қоғамдағы мәселелерге қатысуын және түсінігін кеңейту. Олардың әлеуметтік бастамасын, қоғамдық белсенділігін арттыру екен.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметкері Гүлбану Абдраман халықаралық балалар самииті Қазақстан мен Ресей балаларының тікелей қарым-қатынаста болуына жағдай жасайды. Халықаралық саммит кең түрде тәжірибе және пікір алмасуды ұсынады. Сондай-ақ қазіргі балалар мәселесіне мемлекет пен қоғам назарын аудару, дейді.

Гүлбану Абдраманның айтуынша, 1989 жылы Артекте Бүкілодақтық пионер слетінің өткеніне он бес жылдай уақыт өтті.Содан бері тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері балалар қозғалысы ұйымдарының бірлескен бірде-бір акциясы өтпеген.

Ақмола облыстық білім беру басқармасының бастығы Елена Дмитренко балалар қозғалысын дамытуға бағытталған форумда бірінші рет Қазақстанның барлық аймағынан, Ресей Федерациясы тарапынан Мәскеуден, Ставропольден, Санкт-Петербордан зерттеушілер Қазақстандағы жағдаймен танысу үшін қатысуда. Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік қоғамдық құрылымдармен серіктестік сипатта жұмыс істеп жатқан балалардың тәуелсіз қоғамдық бірлестіктері бар. Бұл бірлестік өзіне балалар құқығын қорғау жауапкершілігін алған, дейді.

Елена Дмитренко саммит қортындысы бойныша балалықтың шекарасыз болуы үшін балалар мен ересектердің ынтықмастығының бағдарламасын айқындамақ ниеттеміз. Ал, Ақмола облысының әкімі Мәжит Есенбаев форумда балалардың әлеуметтік бастамасын дамытуда Бурабайда балалардың халықаралық орталығын ашу туралы ұсыныс айтты, дейді.

Ресей Федерациясынан келген Кострома педогогикалық институтының социология және психология кафедрасының меңгерушісі Анатолий Керпичник бізге бір жағынан қызықты және балалар қозғалысы және қоғамдағы өмірі бойынша мамандар болғандықтан кеңестер де береміз. Форумда балалар құқығынң қорғаулы оған балалардың өздерінің атсалысуы талқыланбақ, дейді.

«Жұлдыз» қоғамдық балалар бірлестігінің жетекшісі Ирина Штобна біз үшін самиттің маңызы зор. Біз басқа қоғамдық бірлестіктермен араласуға мүмкіндік алдық. Саммит аясында өтіп жатқан дөңгелек үстелде Қазақстандағы балалар қозғаласының проблемаларын талқыладық, дейді.

Саммитке қатысушы Әділет Мұқышев әрбір бала өз өміріндегі жағдайға ересектермен бірге атсалысуы қажет деген пікірді айтты.

Түңғыш халықаралық самиттің мақсаты-балалар қарым-қатынасының жаңа үлгісін жасау.
XS
SM
MD
LG