Қақтығыс Оңтүстік Осетияның астанасы Цхинвали қаласының маңында орын алды. Грузия қорғаныс министрлігі адам шығыны болған жоқ деп мәлімет айтты. Оңтүстік Осетия өкілі грузиялық сарбаздар бірінші боп оқ атты, аймақ тұрғындарын қорқытып үркіткісі келеді деп айыптады.
Грузия қорғаныс министрі Георгий Барамидзе Мәскеу сапарын бүгін жалғастырып жатыр. Георгий Барамидзе Ресей қорғаныс министрі Сергей Ивановпен кездесіп, Грузия құрамынан шыққысы келетін Оңтүстік Осетия және Абхазия мәселелерін талқылайды. Грузия үкіметі Ресей осы екі республикаға қайтадан бақылау орнытқысы келеді, Грузияның ішкі шаруаларына қол сұғады деп айыптаған болатын.