Accessibility links

11 қыркүйектегі шабуылдарға қатысы бар деп сотталған жалғыз азаматтың үстінен тағы тергеу басталды


Германия соты Мұнир ел Мотассадек деген Марокко азаматын Гамбургте орналасқан "Әл Қаида" ұйымының ұясына көмектесті деген айппен былтыр сотталған болатын. Бұл бөлімшенің үш адамы 11 қыркүйекте шабуылдардың құралына айналған ұшақтарды басып алды деп сезіктеледі. Бірақ Германия жоғары соты көкек айында істі қайта қарап, Мотассадектің кінәсі дәлелденген жоқ деп оны босатқан еді. Германия соты Америка Құрама Штаттарынан "Әл Қаиданың" адамы деп сезіктелетін негізгі күә Иемени Рамзи бин Әл-Шибх деген азаматтың жауаптарын талап етіп келеді. АҚШ кейбір құжаттарды беруге бүгін келісім айтты, бірақ негізгі күәдән тікелей жауап беруге рұқсат бермеді.

Дегенмен, АҚШ қамауында отырған бұл негізгі күәнің жауаптары іске қатыстырылсада Мотассадектің адвокаты оларды жарамсыз деп тауып отыр. "АҚШ тергеу жүйесінде азаптау қолданылады, сондықтан күәнің жауаптары сенімсіз", - дейді адвокат.
XS
SM
MD
LG