Accessibility links

Ирақтың оңтүстік-орталық тұсында көтерілісшілер украиндық сарбаздарға оқ атты


Бұл туралы Польша әскери бұлақтары хабарлады. Васит провинциясындағы Рұмайтхах қаласында шабуылшылар жолға қойылған бомбаны жарып, сосын украиндық патруль сарбаздарына қарсы оқ жаудырды. Украиндық сарбаздар қайыра оқ атып, төрт көтерілісшіні өлтірді. Украиндық сарбаздардың арасында адам шығыны жоқ деп хабарланды. Ирақ полициясы Нұманиях қаласында украиндық сарбаздар өтіп бара жатқанда жасырылған мина жарылды, мұның салдарынан үш ирақтық бейбіт азамат жараланды дейді.
XS
SM
MD
LG