Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззәт Сүлеймен Қазақстан Республикасы азаматтарының барлығының да өзін ұсынуға, депутаттық түсуге құқы бар дейді. Сондай-ақ ол аттас фамилиялардың сайлауға түсу технологиясы жалпы әлемде бар дегенді айтады:
- Осы түсіп жатқан азаматтардың барлығы сол технологияға байланысты түсіп жатыр деп айтуға болмайтын болар. Аттас фамилиялар өмірде де кездесіп жатады. Сол сияқты болуы мүмкін.
Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов фамилиялары ұқсас адамдардың үміткер болуын қара пиар, белгілі лас технология дейді:
- Сол фамилияға ұқсас адамды қою сайлаушыларды алаңдатып белгілі, абыройлы болмаса белсенді кандиттар болатын болса солардың дауысын бөлу үшін жасалған іс-әрекет. Ол адамдар сайлауға үгіт-насихат жасамайды. Олар тығылып жүреді.
Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесінің президенті Дос Көшім де бұл жағдайды лас технологияға, зымиян әрекетке теңеп отыр. Оның пікірінше, бұл жағдай сайлаушыларды шатастыруы әбден ықтимал. Мұны жасап отырғандардың да көздегені осы, дейді:
- Бұл кішкентай ғана сасық қулықтың бірі. Бұларды заңды бұзды деп айта алмайсың. Өйткені, ондай адам бар. Ондай адам сайлауға түсті. Бірақ ешнәрсе жасай алмайсың. Қазір осындай жағдайды бірнеше округтен байқадық. Қазақстанда әлі ондай тәжірибе болған жоқ. Биыл біз оған баға бере алатын шығармыз. Парламент Мәжілісінің депутаты, заңгер Жазбек Әбдиевтің айтуынша, мұндай нәрселерге заңмен ешқандай тыйым салынбаған:
-Бұл негізгі кандидаттардың дауысын бөліп алу деген мақсат. Саясаттық технологиялардың бірі. Кім істеп отырғаны, қай кандидаттың штабы өткізіп отырғанына тергеу өткізу, анықтаудың қажеті жоқ. Әр адам өз ұяты, беделімен өтеді.
Қазақстан саясаткерлері сайлауға ұқсас фамилиялардан бірнеше үміткердің болу жағдайы Ресей және Украина елдерінде жиі болады деп отыр.