Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш Батыс Еуропа мен Азия елдеріндегі 70 мыңдай әскерін өзге аймақтарға алып шығып кетпек.


Джордж Буштың айтуынша, Қырғый қабақ соғысы кезінде қорғаныс үшін қажет болған ол күштер енді Совет одағы тарағаннан кейін керек болмай қалған.

Соңғы мәліметке қарағанда, АҚШ өз қарулы күштерін Германия және Оңтүстік Корея сықылды мемлекеттерден Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне көшірмек көрінеді.

АҚШ әскери қорғаныс саласында жаңа бір шараны іске асырмақ ниетте екендігін білдіріп отыр. Яғни, Еуропа мен Шығыс Азиядағы 70 мыңдай әскерін Шығыс Еуропа мен Орта Азия елдеріне көшірмек. Енді, оның негізгі себебіне келсек, Совет одағы құлағаннан кейін Қырғый қабақ соғысы артта қалып, Темір перденің ашылғанына да 15 жылдан асты.

Сондықтан, президент Буштың айтуынша, АҚШ енді өз әскери стратегиялық жоспарын өзгертіп, ежелгі қас-душпандық пиғылдағы елдерден қазіргі кезде қауіпті есептелетін аймақтарға көшірмек.

АҚШ президенті Синсинати қаласында соғыс ардагерлерімен болған дүйсенбі күнгі кездесуінде бұл жаңа әскери жоспар жөнінде былай депті.

- Бұл жаңа әскери жоспар 21-ғасырдағы соғыстарда жеңіске жетуге көмектеспек. Жаңа стратегия арқылы біз әлемдегі одақтас күштерді нығайтып, бейбітшілікті сақтау жолында жаңа серіктестік байланыс құратын боламыз, - дейді АҚШ президенті Буш.

Бұл жоспардың сапалық және сандық ауқымы жөнінде қандай ресми деректер келтіруге болар еді.

Біріншіден, АҚШ өзінің бұл жоспарын екі жыл бойы дайындаған. Сондай-ақ, президент Буштың айтуынша, қазіргі тұрған жерінен 70 мыңдай американдық әскер өзге елдерге көшірілмек. Оған қоса ол әскерилердің 100 мыңдай отбасы мүшелері тағы бар. Жалпы алғанда, Еуропадағы әскери орындардың дерлік тең жартысы жабылатын көрінеді. Оңтүстік Кореядағы әскерлердің бір бөлігі, атап айтсақ, Сеулдегі әскери күштер қазірдің өзінде алып шығып кетілген.

Сонда, американдық ол күштер қай елдерге көшірілмек ?

Қорғаныс Ақпараты орталығынан жетекші талдаушы Маркус Корбинның айтуынша , негізгі бағыт – Полша, Болғария және Өзбекстан.

Енді бұл жөнінде Корбиннің өзі не дейді екен.

- Бұл жаңа қоныстарды әскери база деуге келе қоймас. Ол елдерге төтетнше жағдайда ғана пайдаланылатын әскерлер және қондырғылар жіберілмек. Сан жағына келгенде айтарлықатай көп бола қоймас, - дейді талдаушы.

Жалпы алғанда, мысалы, Германиядағы АҚШ әскерлерінен осы кезде қандай пайда, көмек бар деуге болады?

Германия әрине соңғы жарты ғасырдан астам уақытта соғыс шайқастары бола қойған жоқ. Бірақ АҚШ әскерлері неміс экономикасының одан әрі өркендеуіне айтарлықтай үлес қосып келгендігі рас. Бір ресми адамның дерегі боййынша, АҚШтық әсекри бөлімшелерде 15 мыңнан астам неміс азаматы жұмыс істеп келген. Талдаушы Корбиның айтуынша, жаңа аймақта мұншама кең көлемді экономикалық көмек бола қоймас, бірақ советтік бақылауда болған Болғария, Өзбекстан сықылды елдерге АҚШ әскерелерінің баруынан түсетін пайда аз бола қоймас.

- Мысалы, Өзбекстан сықылды елде 10 мың адамдық әскери базаның болуы, оған қоса, отбасы мүшелерінің келуі және азаматтық саладан қызметкерлердің болуы бұл сирек кездесетін жағдай. Мұндай елдерге келетін қаржы көлемінің қанша екендігіне қарамай оның мәні аса зор болмақ, - дейді Корбин.

Әрине, Өзбекстанға әзірше мұншама шет елдік әскери құрам келе қойған жоқ. Дегенмен, Ауғанстандағы операцялар үшін келген АҚШтық әскерлерден Өзбекстан қазірдің өзінде пайда көре бастаған. Ал ауған соғысы аяқталғаннан кейін ол күштер өзге мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.

Ал енді сонау Советтік одақтың дүрілдеп тұрған кезіндегі Қырғи қабақ соғысы үшін қажетті болған әскери жүйені түгелдей жою үшін АҚШтың алдында әле талай міндеттер, шаралар бар екендігі де құпия емес.

Мысалы, Ф-22 қырги ұшақтары тек қана Қырғи қабақ соғысы кезінде қажет болған. Дегенмен, Пентагон әлі де болса, жылына 4 млд доллар жұмсап, сондай жаңа ұшақтармен өз армиясын толықтырып келді.

АҚШтың әскери жаңа стратегиясы жөнінде осындай кейбір дерек-маліметтерді келтіруге болар еді.
XS
SM
MD
LG