Accessibility links

Грекиялық әйгілі жеңіл атлетикашылар Костас Кентерис пен Катерина Тану өз отандарында өтіп жатқан олимпиядалық ойындарға қатысудан бас тартты.


Грекиялық әйгілі спортшылар Костас Кентерис пен Катерина Тану өз атамекедерінде өтіп жатқан Олимпияда бәсекесіне қатсыудан бас тартты. Олардың мұндай шешіміне не себепші болды ?

Костас Кентерис - Грекияның спорт әлеміндегі сөзсіз жарық жұлдызы. Оны әдетте, американдық баскетбол жұлдызы Майкл Джордан мен қатар жоғары деңгейге қояды.

Костас Кентерис 200-жылғы Сидней Олимпиядасында 200 метрге жүгіруден алтын медал алған. Биылғы Грекия Олимпиядасында да Кентериске үлкен үміт артылған болатын. Бірақ Сиднейде күміс медал жеңген спортшы, өз отандасы Катерина Тану екеуі өткен бейсенбі күні допинг тексеру тестіне келе алмай үлкен дау-дамайға себепші болды.

Жалпы ондай тексеруге қатыспау Халықаралық Олимпияда ережесін бұзған болып есептеледі. Ол екеудің допинг тестіне келе алмауына себеп олардың мотоцикл апатына ұшырап, 5 күн бойы ауруханада емдеуде болғандығы екен. Бірақ ол жағдайларға күәнің жоқтығы Комитетте үлкен дау туғызған. Себебі, әзірше не мотоцикл, не зақым алған ағзалар табылмай отыр.

Бұл жанжалға орай Грекияда шығатын Катимерини газетінің бас редакторы Констандарас тілшімізге былай деген.

- Костас Кентерис- әйгілі баскетболшы Майкл Джорданның деңгейіндегі спортшы. Ол Грекия тарихындағы ең атақты да, елге керемет ұнайтын азамат. Ол өзінің тамаша табыстарымен әйгілі еді. Бірақ міне бұл күтпеген уақиға жұртты есінен тандырып отыр, - дейді газет редакторы.

Бұл допинг қолдану жанжалы 1988-жылғы Сеул олимпиядалық ойындарынан кейінгі ең үлкен дау болды. Ол жылы канадалық спринтер Бен Джонсоннан тексеру кезінде допинг табылған еді. Міне енді, өз жерінде өтіп жатқан бұл ойындар кезінде грекиялықтар ұятқа қалып отыр.

Үкіметтік ресми өкіл Русополостың айтуынша, бұл - елге сын, бүкіл әлем алдында ұятты жағдай болып отыр.

Үлкен дау-дамайлардан соң әйгілі спортшылар Кентерис пен Тану Олимпияда комитетінің сарапшылары алдында жауап бергеннен соң сәрсенбі күні Ойындардан бас тартамыз деп дауларды доғарғандай болды. Костас Кентерис өзінің ол шешімі жөнінде Афинадағы тілшілерге былай деген.

- Мен үлкен жауапкершілікті есте тұтып, бұл Олимпиядалық ойындарда қатыспауға шешім қабылдадым. Сондай-ақ, мен өз жаттықтырушым Кристос Цекоспен бірлескен жұмысымды да доғарамын, - деген әйгілі спортшы.

Дегенмен екі спортшы да біз ешқандай күш беретін дәрі қолданған жоқпыз деп отыр. Бір жағдай, Халықаралық олимпиядалық комитет екі спортшының, ауруханаға келіп тексеріңдер, деген өтінішін орындамаған.

Бірақ грек БАҚдарының хабарларына қарағанда, дау-дамай мұнымен біте салмайтын көрінеді. Дегенмен, Грекияда шығатын Ағылшын тілді газет редакторы Констандарастың айтуынша, гректер бұл дау-жанжалды әзірше ұмытқанды жөн көріп отырғандай.

- Бұл дау-жанжал қазіргі ең үлкен уақиға. Бірақ Оның Олмпиядалық ойындарға кері әсері бола қоймас, - деген Констандарас.

Оның пікіріше, жұма күні аса үлкен салтанпен ашылған олимпиядалық ойындар табыссыз да болмас.
XS
SM
MD
LG