Халықаралық Олимпияда комитеті Ресей спортшысы Ирина Коржаненконы жүлдесінен айырды. Ирина Коржаненко Олимпияда ойындарында ядро итеру жарысы бойынша, бірінші орынға ие болған. Мамандар Ирина Коржаненко допинг қабылдыған дегенді айтып отыр. Халықаралық Олимпияда комиетінің өкілі Гизель Дэвис Афин қаласында өткен баспасөз мәслихатында былай деген болатын.
-Халықаралық Олимпиядалық комитет жетекшілері тәртіп сақтау комиссияның есебін тыңдап, Ирина Коржаненконы алтын медальдан айыру туралы шешім қабылдады,- деді комитет өкілі Гизель Дэвис.