Accessibility links

Ән-Нәджәфтағы қақтығыс жалғасын тапты


Ирақтың Ән-Нәджәф қаласында шабуылдар жалғасып жатыр. Түнде американдық әскерилер шиит көтерілісшілерінің орталық позицияларын екі рет шабуылдады. Американдық танктер имам Әлі мешіті маңына келді. Бұл жерде радикалды шииттер жетекшісі Моқтада Әль Садрдың жақтастары жасырынып жатыр. Бұл мешітті шииттердің діни басқарма жетекшісі Әль Систаниға беру туралы жүргізілген келіссөздер тығырыққа тірелді. Моқтада Әль Садр өкілдерінің пайымдайынша, кесенені сақтап қалу жауапкершілігі Ән-Нәджәфтың діни басқармасына жүктеледі. Ирақ үкіметінің хабарлауынша, соңғы тәулік ішінде Ән-Нәджәфта 114 адам қаза тапты. Олардың арасында қала тұрғындары да, сарбаздарда бар.
XS
SM
MD
LG