Тамыздың 28-iнде Астанада Орталық Азия Ынтымақтастығына мүше елдердiң сыртқы iстер министрлерiнiң бас қосуы өткiзiлдi.
Онда 2004 жылғы мамырда Орталық Азия Ынтымақтастыққа мүше елдердiң Саммитiнде мемлекет басшылары арасында қол жеткiзiлген уағдаластықтары бойынша, халықаралық су-энергетикалық концорциумын құру және ынтымақтастыққа мүше елдер арасында теле-радио хабарларын тарату мәселелерi талқыланды. Сондай-ақ, Ауғанстанды интеграциялық аймаққа тарту жайы қаралды. Бас қосуға қатысушылар қазiргi уақытта өршiп бара жатқан лаңкестiк әрекеттердi айыптады. Өзбекстанның сыртқы iстер министрi Садық Сафаев Ташкенде болған жарылыстарға байланысты тергеу амалдарының әлi де жалғасып жатқандығын атап өттi.
Орталық Азия Ынтымақтастығына мүше елдердiң сыртқы iстер министрлерiнiң бас қосуына қатысушылар Ресейдiң сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Сергей Разовқа Мәскеудiң “Домодедово” әуежайынан ұшып шыққан екi ұшақтың жолаушыларының апатқа ұшырауына байланысты көңiл айтты.
“Соңғы уақытта өршiп бара жатқан лаңкестiк әрекеттер жөнiнде пiкiр алмастық.Оған қарсы бiрлескен түрдегi кең ауқымды шараларды атқару туралы ойлатық”,- дейдi Қазақстанның сыртқы iстер министрi Қасымжомарт Тоқаев.
“Тәшкендегi болған жарылыстарға қазақстандықтардың қатысы болды” деген мелекеттiк айыптаушының пiкiрi жөнiнде айта келiп, “Өзбекстанның сыртқы iстер министрi Садық Сафаев қазiргi уақытта тергеу амалдарының әлi де жалғасып жатқандығын соған байланысты ақпараттар уақытында жария болатындығын атап өттi.
“Бұл мәселемен екi мемлекеттiң құқық қорғаушылары бiрлесiп айналысуда. Әзiрге қорытындысы шығарылған жоқ,”- дейдi Қазақстанның сыртқы iстер министрi Қасымжомарт Тоқаев.
“Қазiр Өзбекстанға кiру және шығу талаптары күшейтiлдi. Бұл уақытша құбылыс-лаңкестiк әрекеттердiң өршiп кетуiнен туындап отыр”,- дейдi Өзбекстанның сыртқы iстер министрi Садық Сафаев.
Қазақстанның сыртқы iстер министрi Қасымжомарт Тоқаев бас қосу барысында ынтымақтастыққа мүше елдер арасында сауда экономикалық байланыстардың өз дәрежесiнде жүзеге асырылмай отырғандығын атап өттi. “Әсiресе, Өзбекстанмен арадағы сауда- экономикалық қатынасы қайта қарауды қажет етедi. Бұл мәселенi екi ел Президенттерiнiң қарауына ұсыну үшiн құжаттар әзiрленуде,”- дейдi Қасымжомарт Тоқаев мырза.
Бүгiнгi бас қосуда негiзiнен су энергетикалық концорциумын құру және ынтымақтастыққа мүше елдер арасындағы теле радио хабарларын алмасу жайы талқыланды. Бас қосуға қатысушылар аймақтағы ынтымақтастыққа Ауғанстанды да тарту жайын қозғады.