Шiдертiге тамыздың 30-ы күнi таңғы сағат сегiзде келiп жеткен журналистер қауымы алдымен қоныс-колонияда тiркеуден өткiзiлдi. Содан кейiн ғана Ғалымжан Жақияновпен жүздесуге рұхсат етiлдi. Кездесу колонияның есiгi алдында өттi. Бұл оның iстi болып, тергеуге алынғаннан берi ақпарат құралдарына берген алғашқы сұхбаты болатын.
«Сiздермен кездескенiме өте қуаныштымын. Бұл сәттi Құсмұрын абақтысында жатқан екi жылдан астам уақытта iштей армандаған болатынмын,-дедi Ғалымжан Жақиянов. Осы уақыт iшiнде ел iшiнде бiрталай өзгерiстер болды. Мұның бағасын тарихтың өзi бере жатар. Ал еркiн қонысқа шыққан бетте байқағаным -- елдiң ояна бастағандығы. Соған қуандым».
Ғалымжан Жақияновтың Шiдертiдегi еркiн колонияға шығарылуы қылмыстық атқару жүйесiнiң мәлiмдуiнше заңдық негiзде жүзеге асырылған. Ал оппозиция және кейбiр тәуелсiз сарапшылар тарапынан мұның заңға қайшы екенi айтылуда. Ал Жақияновтың өзi мұны аяқсыз қалдырмауға тырысатынын айтты: «Менi Алматыда тұтқындағанын өздерiңiз бiлесiздер. Заң бойынша еркiн қонысқа шығарылғандар тұтқындалған жерiне немесе отбасы тұрып жатқан жерге жiберiледi.
Оған қарамастан менi әйтеуiр Павлодар облысы деген желеумен Шiдертiгi жiбердi. Мәселенi аяқсыз қалдырмауға тырысамыз. Өйткенi, бұл заңға қайшы».
«Еркiн колонияда келген адамдармен кездесе аласың, шектеулi болса да сыртқы дүниемен байланысың бар. Оның абақтыдан ең үлкен айырмашылығы осы. Бiрақ, бiрден еркiндiк берген жоқ. Келген бетте тамыздың 30-ына дейiн карантин жариялады. Тек журналистер қауым болып келе жатыр дегендi естiгеннен кейiн алдыңғы күнi карантиндi алып тастады» -- дейдi Ғалымжан Жақиянов. Ол содан берi жұбайы Қарлығашпен бiрге колониядан екi жүз қадамдай жерде пәтер жалдап тұрып жатыр. Күнiне бес рет колония әкiмшiлiге көрiнiп қайтады. Жақиянов келерден бұрын сөз болып отырған мекемеде шұғыл өзгерiс болыпты. Еркiн қонысқа шығарылғандардың денi оған дейiн Екiбастұз қаласы сияқты таяу маңдағы елдi-мекендерде, отбасыларымен бiрге тұрып жатқан.
Ғалымжан Жақиянов әкелiнгеннен берi олардың түгелi колонияға қайтарылып, шығарылмайтын болыпты. Колония басшылығынан мұның себебiн сұрап, бiле алмадық. Ал Жақияновтың қазiргi тiрлiгiне «әйелiмен ұзақ мерзiмге жүздесуi» деген анықтама берiлiптi.
Демек, әйелi бiр жаққа кеткен жағдайда, Ғалымжан колонияның iшiне қайтарылатын болады. «Бұл екеумiздi де осы жерде тапжылтпай ұстаудың амалы», -- дейдi Қарлығаш Жақиянова. Еркiн қоныста отырғандар колонияның белгiлi бiр мекеме, кәсiпорындармен жасасқан келiсiм-шарты бойынша еңбек етуге болады. Жақиянов болса, «сiздiң жұмысшы мамандығыңыз жоқ» деген жауап алыпты. «Олай болса, Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясымен келiсiм-шартқа отырыңыздар, мен оларға кеңесшi болайын дедiм. Бiрақ, оның қалай шешiлетiнi белгiсiз», -- дейдi Жақиянов мырза. Ол журналистермен сұхбат барысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмiрiндегi өзгерiстер, сыртқы саясаттағы кейбiр мәселелер туралы да ойларын бiлiрiп, бұдан бiрер ай бұрын Ресей, Қазақстан және басқа да бiрқатар мемлекеттердiң Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымына сын айтып, үндеу қабылдағанын қисынсыз деп мәлiмдедi.
«Сол он мемлекеттiң арасында Қазақстанның болғаны өкiнiштi. Олардың айтып отырғаны -- бiздiң iсiмiзге ЕҚЫҰ-ы араласа бермесiн деген негiзсiз талап. Ал бұл ұйымның басты мақсаты қауiпсiздiк мәселесi. Қауiпсiздiктiң өзi адамдардың құқығытары мен еркiндiктерiнiң қорғалуынан басталады. Әлгi мемлекеттер аталған халықаралық ұйымның осындай мәселелерге араласуын қаламайды. 2009 жылы сол ұйымға төрағалық етуге ұмтылып отырған Қазақстанның мұнысы тiптен қисынсыз».
Ақпарат құралдары өкiлдерiнiң Ғалымжан Жақияновқа конституцияға көзқарасы туралы да сұрақтар қойылды. Ол: «Қазiргi конституция бойынша, барлық билiк бiр адамның қолында, сондықтан ол бiржақты ғана, яғни, билiктiң мүддесiне ғана жұмыс iстеп отыр. Азаматтардың конституциялық құқықтары аяқ асты болуда. Жалпы алғанда, Қазақстан Конституциясы қоғамның дамуына бөгет болып отыр», -- дедi.
Адам бостандығының бас бостандығынан айрылу, шектеулi бостандық және толық бостандық атты үш өлшемi бар. Абақтыдан еркiн колонияға шығарылғандар шектеулi бостандыққа ие болады. Ал Шiдертi деген жер атауы, шiдер сөзiнен шыққан деседi. Шiдерленген жылқының да еркiндiгi шектеулi болатыны, шетеулi аядан ұзап кете алмайтыны мәлiм. Ғалымжан Жақияновтың еркiндiгi әзiрге колония мен ол тұрып жатқан үйдiң ара –қашықтығымен өлшенуде. Екi ара 200 қадам.