Accessibility links

Франция парламентi қабылдаған заң мұсылман қауымының сынына ұшырауда


Соңғы күндері Франция парламентінің бастауыш және орта мектептердегі оқушы қыздардың орамал тағып жүрулеріне қарсы шығарған заңы Ислам елдерінде қатты сыналып наразылық әрекеттеріне себепші болуда.

Ирақтың әсірешіл қарулы топ өткен апта соңында ол заңға қарсылық шарасы ретінде франциялық екі журналисті кепілдік тұтқынға алды. Ал -Жазира теледидары бейне таспа арқылы көрсеткеніндей, тамыздың соңына дейін егер қыздардың бас киіміне байланысты ол заңды Франция өзгертпесе , онда журналистер өлтіріледі деп ескерткен болатын.

Бірақ Франция ол талапқа көнбей отыр. Дегенмен, қыркүйек айының басынан өз күшіне енетін ол заң төңірегінде Францияның өзінде де дау-дамай жалғасуда.

Мектептегі мұсылман қыздардың бас киімі жөніндегі Франция заңы төңірегінде басталған ол дау-дамайдың нәтижесі байқала ма ? Соңғы хабарға қарағанда, Ол дау әзірге дейін жалғасуда.

Франциядағы Снт Егзипюри қалашығындағы мектеп директорының айтуынша, 1600 дей оқушының басым көпшілігі мұсылман дінінен. Директордың тілшімізге айтуынша, Франциядағы ол заңның зайырлы дінге оншама айтарлықтай әсері жоқ. Алдымен , қыздардың бас киімі жөніндегі ол заңды дінге, Исламға қарсы арекет деп түсінді. Сондықтан ол заңға қарсы күрес басталып кетті. Ал әзірше, дін өкілдері, мұғалімдер және ата-аналар бірер мәмілеге келе алмай отыр. Бұл әрине бізге қиындық туғызып отыр, - дейді мектеп директоры.

Ол заң қашан қабылданған және тек қана мұсылман қыздарының бас киіміне қатысты ма екен ?

Франция парламенті заңды осыдан 5 ай бұрын наурызда қабылдағын. Заң бойынша, мұсылман қыздарының бас киімі, еурейлердің тақиясын киіп, християдардың крестін тағып жүруге болмайды. Ал бұл заңды негізінен кімдер қолдайды екен ?

Негізінен француздардың басым көпшілігі және заңгерлер заң жағында. Олар дін мен үкіметті бөліп қарайтындар ғой, әрине. Ол ереже Франция Ата заңында да айтылған. Бірақ Франциядағы әсірешіл іслам қауымы бұл мәселені барынша ұшықтырып отырған көрінеді.

Ал енді Марсель теңіз айлағындағы мектеп директорының айтуынша, бұл заң діни қауымдардың арасында жік туғызып отыр. Бұл қауіпті дейді ол.

- Діндегі зайырлылық адамның рухы мен сана-сезіміне тікелей әсер ету емес қой. Керісінше, зайырлы дінде жеке-жеке топтардың көп дінділік, көп мадениеттілік қоғамда топтасуына ықпал жасамай ма, - дейді директор.

Ал, Ле Хувр теңіз айлағындағы Клод Моне мектебінің директоры Клайндинстің айтуынша, оның мектебіндегі 1700 дей баланың 20 пайызы мұсылман дінінен.

- Бұл заңның нәтижесі қалай боларын біз алдағы жылда бастап білетін боламыз. Бірақ әсірешіл көзғарас кесірінен біз бірталай дау-дамайға кезігетін сықылдымыз, - дейді директор.

Жалпы алғанда Франциядағы іслам дінді мұсылман қауымының ара салмағы қандай. Францияда соңғы ресми деректерге қарағанда, 5 млндаай мұсылман тұрмыс кешеді. Бұл бүкіл еуропа елдері арасындағы үлкен көрсеткіш. Міне солардың көбі бұл жаңа заңға қарсы екен. Бірақ олардың біразы әсірешілдердің кепілдік тұтқын шарасына да қарсы. Дүйсенбі күні Францияның бір қатар қалаларында он мыңдаған адам шеруге шығып, тұтқындағы екі журналисті босатуды талап етті. Дегенмен олардың арасындағы айел-қыздардың көбі бастарына ақ орамал тағып шыққан.

Бұл арада әсірешіл топ өз қолдарындағы екі француз жұрналистің тағдырын , егер талаптары орындалмаса, сейсенбі күні кешке дейін шешеміз деп тағы да ескерткен.

Франция сыртқы істер министрі бұл арада сейсенбі күні Йорданиялық өз әріптесімен келіссөздер жөргізген. Минстр Франция Ата заңы бойынша діни еркіндікке кепілдік берілген. Ол мұндағы 5 млн мұсылманға тікелей қатысты деп, түсіндірген.

Сондай-ақ, Франциядағы мектеп заңына орай, оқушы баланы кейбір себеппен мектептен шығарудан алдын зайырлы дін ереже қағидалары жөнінде сөйлесіп пікір алмасар екен.
XS
SM
MD
LG