Білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеевтің қыркүйектің 2-сі күні жасаған мәлімдемесіне қарағанда, студенттердің оқу ақысы бүгін-ертеңдері көтерілмейді. Министрдің айтуынша, 2003 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарында 658 мың студент білім алса, олардың 53 пайызы сырттай, 47 пайызы күндізгі бөлімде оқыған. Ал 2000-шы жылы 42 пайыз сырттай, 58 пайыз күндізгі бөлімде білім алған екен. «Өкінішке орай сырттай оқитындардың саны жыл сайын көтеріліп келеді. Бұл сырттай оқуға деген қызығушылықтан туындап отырған мәселе емес, ата-аналардың қаражатының тапшылығынан болып отыр. Себебі жоғары оқу орындарының сырттай бөлімінде оқитын студенттердің оқу ақысы күндізгі бөліммен салыстырғанда 2-2,5 есе арзан. Ал сырттай оқитындарға берілетін білімнің сапасының қандай болатыны белгілі» - дейді Жақсыбек Құлекеев.
Сондай-ақ министр мемлекет тарапынан ата-аналардың балаларын оқытуларына әлі де болса толық жағдай жасалмағандықтан, сырттай оқитын студенттердің құрамы өсіп отыр дегенді айтты. «Көптеген мемлекеттердің тәжірибесін зерттегеннен кейін біз ата-аналарға жоғары білім алатын жүйені қаржыландырудың тағы бір балама жолын ұсынуымыз керек деген пікірге келдік, өткен айдың 25-інде Үкіметтің арнайы жиналысында жан-жақты талқылап, жалпы бұл ұсынысты Даниал Ахметов қолдап, бізге 3 ай мерзім ішінде осы жаңа жүйенің моделін жасауды тапсырды. Бұл жерде қорқатын ештеңе де жоқ. Биылғы жылы да, келесі жылы да оқу ақысы қымбаттайын деп отырған жоқ. Біздің жасайын деп отырған шаруамыз – балалардың білім алуына қосымша жағдай жасау, ата-аналардың несие алуына мүмкіндік қарастыру», - дейді Білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеев.
Құлекеев мырзаның бұл бастамасы Қазақстандағы бірқатар жастар ұйымдары өкілдерінің тарапынан қатты сыналған болатын. Осы бастамаға орай Астанадағы медицина академиясының студентерін сөзге тартқан едік. Тоғжан Қабдина «Болашақта несие арқылы білім алу тұрғысында ойым екіге бөлініп тұр. Біріншіден, студенттердің бірден ақша төлеп немесе мемлекеттік грант есебінен оқуы екіталай, осы жағынан алып қарағанда дұрыс. Ал екіншіден, студенттерге әсіресе, ауыл жастарына алған несиені қайтарып беру қиынға түспек. Өйткені қазіргі бағамен қалмайды, ол әлі де бірнеше есеге көтеріле түседі», - десе, өзін таныстырғысы келмеген студент «Біз бәріміз бірдей грантқа түсе алмаймыз. Сол себептен жақсы, тиімді», - деді.
Ал Парламент Сенатының депутаты Мүсірәлі Өтебаев «Қазіргі жастардың түсінігі басқаша, олар тапқан табыстарын орнымен жұмсай алады, нарық заманында өмір сүріп отырғандарын түсінеді. Сол себептен де осы жүйені кейде дұрыс па деп те ойлаймын», - деген өзінің жеке пікірін білдірді.
Ал «Ұрпақ тағдыры - білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерсайын Ерғожа жеңіл несие алу арқылы балаларды оқытуды негізсіз көтерілген бастама деп есептейді. «Білім саласына көп мәселелер енгізіліп жатыр ғой, бірақ солардың бірде-біреуі орындалған емес. Бұл да орындалатын нәрсе емес. Өйткені жеңілдетілген несиені кімдер алады? Тағы да билік басындағы, қала ішіндегі азаматтар алады. Ал ауыл балалары білімсіз қалмақ, тіпті банктер сол несиені бермеуі де мүмкін», - дейді.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, студенттерге несие берудің жаңа тетігі жеке капиталдардың есебінен қарастырылып жатыр. Несиенің осы түрі арқылы студенттердің 30-40 пайызы, әсіресе, ауыл жастары, жағдайы төмен отбасынан шыққан балалардың жоғары білім алуына мүмкіндік жасалады екен. Сондай-ақ, білім және ғылым министрлігі келесі жылдан бастап, мемлекеттік білім беру грантын 5 мыңға көтеруді жоспарлап отыр. Бүгінде білім алушы жастардың 18 пайызы мемлекеттік бюджет есебінен оқиды.