Accessibility links

Солтүстік Осетияның Беслан қаласындағы дағдарыс қантөгіспен аяқталды


Шамамен 500 адамды екі күннен аса кепілдікте ұстаған 20 шақты қарулы адамға қарсы Ресей арнаулы жасағының сарбаздары Алматы уақыты бойынша кешкі сағат төртте шабуыл жасап, мектеп ғимаратын басып алды. Мектептің спортзалында қамалғандырдың арасында көп бала болды. Спортзал ішінде адам өліктері көп жатыр деп хабарланып жатыр. Бұдан бұрынғы мәліметтер 5 баланың және 7 ересек азаматтың қаза болғанын, 300-ден астам адамның жараланғанын айтқан болатын. Ресей әскері мектепті толық бақылауымызға алдық деп мәлімдеседе арада бірнеше сағат бойы оқатыс болды. Итар тасс агенттігі кемінде 13 кепілдіккеалушы оқиға жерінен қашып шыққан болар деп хабарлады.

Еуропа Одағының кезекті төрағасы Голландияның сыртқы істер министрі Бернард Бот Бесландағы дағдарыстың соңы апатқа ұласқанына үлкен өкініш білдіремін деді. Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Голландияның Валкенберг қаласында өтіп жатқан мәслихатында Бернард Бот Еуропа Одағы терроризмнің барлық түрін айыптайды деді.
XS
SM
MD
LG