Accessibility links

Европа комиссиясы Шығыс Европада ВИЧ/СПИД індеті кең етек алып бара жатқанына алаңдаушылық танытып, ескерту жасауда


Сәрсенбі күні Европа комиссиясы Шығыс европаны ВИЧ/СПИД эпидемиясы жайлап барады деген ескерту жариялады. Олардың ішінде Европа одағының қатарына жаңадан қабылданған елдер мен Ресей, Украина, Беларуссия сияқты мемлекеттер бар. İндетпен күресу үшін саяси жетекшілікті қолға алып, қомақты қаржы жұмсамаса болмайды дейді Европа комиссиясы.

Брюсселде журналистер алдында Европа комиссиясының өкілі Биатей Гминдер Европа одағы бұл мәселені саяси проблема қатарында күн тәртібіне шығару науқанын бастағалы отыр деп атап көрсеткен. Ол Европа одағы жоғары дәрежелі кездесулер өткізіп, СПИД эпидемиясының таралуына қарсы күресетіндей халықаралық шараларды үйлестіруге күш-жігер жұмсауға дайын деген. Гминдер СПИД қаупі негізінен Балтық жағалауы елдері мен Европа одағының шығыс бөлігіндегі көршілес елдерін кеңінен жайлап барады дейді: -Біздің білуімізше, мәселен Эстония, Литвада бұл дерттің таралуы дабыл қағарлық. Сондықтан да байқауымызша Европа одағы ғана емес, басқа көршілес мемлекеттер де бұл тұрғыда көп істер атқаруы тиіс.

Европа комиссиясы жүргізген зерттеулерден байқауға болатыны- барлығы Шығыс Европа елдері мен Орта Азияда 1,3 миллион адам, мүмкін бұл көрсеткіш 1,9 миллионға жету де ықтимал, иммунитет жетіспеушілігі- ВИЧ/СПИД инфекциясына шалдыққандар. Мәселен Эстония тұрғындарының бір проценті СПИД жұқтырғандар болса, Латвия халқының 0,4 проценті осындай дертке ұшырағандар деп есептеледі екен.

Шығыс Европа мен Орталық Европаның кейбір аймақтарында СПИД жұқпалы індетінің өсу деңгейі сәл төмендеп, бір қалыпқа түскен. Батыс Европада бұл инфекция деңгейі барлығы 0,3 процент шамасында.



ВИЧ/СПИД індеті алғаш рет Ресей мен оның көршілес елдерінде 1990 жылдардың ортасы мен аяқ кезінде өрши түсті.

Ресей мен Украина, Беларуссияда қазіргі таңда иммунитет жетіспеушілігі жұқпалы дертімен ауыратындар саны әлем бойынша ең жоғары деңгейде. Украина мен Ресейдегі көрсеткішке қарағанда әр бір ересек жүз адамның біреуі осы індетті жұқтырған науқас. Науқастардың орташа жасы 15 пен 25 жас аралығындағылар, дертке шалдығатындар негізінен түрлі есірткілік препарат қолданатындар болып келеді.

Дегенмен де комиссияның зерттеулеріне қарағанда, СПИД жұқпалы індеті кейінгі кезде жалпы тұрғындар арасында да жиі көрініс бере бастаған, мұның өзі бақылап тексеріп отыруға қиындықтар туғызады. Сондай-ақ халық арасында бұл індеттің қауіптілігіне көжұмбайлықпен қарап, оны ерен санамаушылық та өсе бастағаны да қатерлі дейді Гминдер:

-Біздің көріп тұрған жағдайымыз: адамдар бұл індетпен ұзақ жылдар қатар өмір сүргеннен кейін, оған аса қауіпті эпидемия деп қарайтын қырағылықты жоғалтып алады. Ал бұл кезде жұқпалы дерт кең етек ала береді.

Европа комиссиясының зерттеулерінде қоғамның аталған індетпен күресте қырағылықты төмендетіп алуының бір себебі- 1990 жылдары Батыс Европада эпидемияның таралуы біршама тоқтап, тұрақталғандығы деп атап көрсетіледі. Өкіншке қарай әлі күнге ВИЧ/СПИД дертін емдейтін дәрі-дәрмек немесе оған қарсы егілетін вакцина табылған жоқ.

Европа одағы 2003-2006 жылдар аралығында ВИЧ/СПИД індетіне қарсы күрес шараларына 1 миллиард 200 миллион евро қаржы бөлді. Алайда Европа комиссиясының өкілі Гминдер аталған проблеманы шешудің жолы қомақты қаржы ғана емес деп ескертті. Бұл тұрғыда комиссия дайындаған арнайы құжат Европа одағының үкіметтерін СПИД-ке қарсы күресте саяси басшылық танытып, үйлестіру шараларын қолға алуға шақырады. Ал үйлестіру шаралары деп отырғанымыз, келесі аптада Литвада өткізілетін жоғары дәрежелі кездесуде қолға алынатын болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG