Дүйсенбі күні АҚШ авиациясы Әл-Фаллуджа қаласындағы бірқатар нысанға соққы берді. Армия басшысылығының хабарлауынша, иорданиялық белгілі лаңкес Әбу Мұсаб Әз-Зарқауидің үзеңгілестері паналаған баспаналар дәл нысанаға алынған. Алайда, жергілікті дәрігерлердің мәлімдегеніндей, әуе соққысынан қаза болған 16 адамның арасында әйелдер мен балалар бар. 20-дан асатын Ирақ азаматы жараланды. Басқа бір хабарға қарағанда, дүйсенбі күні Хилла қаласының сыртында АҚШ әскерінің атқылауынан тағы 6 кісі оққа ұшты. АҚШ армиясының басшылығы әзірше үнсіз отыр.
АҚШ авиациясы Әл-Фаллуджа қаласындағы бірқатар нысанға соққы берді. Армия басшысылығының хабарлауынша, лаңкес Әбу Мұсаб Әз-Зарқауидің үзеңгілестері паналаған баспаналар дәл нысанаға алынған
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық – 70 жыл
"Темір жолдар Қазақстанның байлығын Мәскеуге тасып жатыр"