Accessibility links

Алматыда «Әлемдік минералдық-шикізат рыногіндегі Қазақстанның орны және проблемалар мен оларды шешу жолдары» атты ғылми-практикалық конференция өтті


Сейсенбі күні Алматыдағы «Тұран» Университетінде өткен, ғалым мамандар бас қосқан бұл жиында Қазақстанның бүгінгі күнгі минералдық-шикізат саласындағы жағдайы кеңінен сөз етілді. Қазақстандық ғалым мамандар Қазақстан өз экономикасын тек мұнайға немесе табиғи газға ғана тәуелді етпеуі керек, өйткені алдағы 30-40 жылдан кейін әлемде мұнай қоры азайып бітуге жақындайды, сондықтан Қазақстан қәзірден бастап басқадай пайдалы қазба-байлық түрін, минералдық-шикізаттарды өзінде өндірумен бірге, өңдеп өнім ретінде шығарып, экспорттауға асығуы керек деген пікір айтты.

Сондай пікір білдірушілердің бірі, Алматыдағы «Тұран» Университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы Рахман Алшановтың айтуынша бүгінгі күні әлемде барланған мұрай қоры 160 млрд тонна, ал әлем елдері жылына 4 млрдтай мұнайды пайдаланады екен, сонда әлемдегі мұнай қоры енді ары кетсе 40 жылда таусылады. Не істеу керек деген сұрақ бүгіннен бастап туындауы керек дейді ол.

Қазақстан әлемде цинк, вольфрам, ванадий қоры жағынан 1-ші орында, хром, уран қоры жағынан 2-ші орында, рений, марганец қоры жағынан 3-ші орында қорғасын қоры жағынан 4-ші орында, фосфор қоры жағынан 6-шы орында, темір, күміс жағынан 7-ші орында, мұнай,көмір, мыс, алтын қоры жағынан 9 -шы орында. Доктор Рахман Алшановтың айтуынша Қазақстан үкіметі осы мүмкіндікті пайдаланып, минералды шикізаттарды шетке шикізат күйінде шығарудың орнына таза металл немесе металлдан істелген түрлі тауар, өнімдер ғып шығарса бұл экономикаға үлкен пайда әкелмекші.

Сондықтан да Қазақстанның индустрия және сауда министрлігі мен ғылым, білім министрлігі бірлесіп үлкен жобаны дайындап іске асыруға қамданған дұрыс. Бұған ғалым мамандар ат салысуға дайын дейді ол.

Қазақстанның металлургия және байыту институтының ғылми қызтеткері, химия ғылымдарының докторы Зейнеш Әбішеваның айтуынша Қазақстанда табиғатта сирек кездесетін элементтердің қоры жеткілікті әрі оларды өндіру технологиясы жолға қойылған. Мысалы сирек кездесетін галий, рений секілді элементтер әлемде аэроғарыш саласында, электроника, қорғаныс, байланыс салаларында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұл элементтердің әлемдік базардағы бағалары өте жоғары. Сондықтан да үкімет осыған көңіл бөліп, арнайы бағдарлама жасау керек дейді.
XS
SM
MD
LG