Тәуелсіз мемлекеттердің достастығына мүше елдердің басшылары Қазақстан астанасында 2 күнге бас қосты. Кешегі советтік одақтас 12 республиканың жетекшілері Ресейдегі “Беслан трагедиясы” мен басқа террористік қастандықтардан кейін терроризмге қарсы бірлесіп күресу мәселесін талқылайды деп күтілуде. ТМД шеңберіндегі бас қосудың сыртында екі жақты кездесулер де жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Ресей, Қазақстан, Украина және Беларуссия басшылары “Біртұтас экономикалық кеңістік” құру мәселелерін тадайды деп күтілуде.